Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

307 мың қазақстандық «Денсаулық жолы-2016» акциясы аясында медициналық қызметпен қамтылды

16 сентября 2016, 15:00

98 418 ауыл тұрғынына зертханалық, 61 034 адамға аспапты зерттеу жүргізілді.

«Денсаулық жолы – 2016» акциясы аясында екі айдың ішінде жылжымалы медициналық кешендерімен республиканың шалғай аймақтарындағы ауылдық жерлерге барған терапевтер және бейінді мамандар 307 965 адамды медициналық тексеруден өткізді. Осылайша, 119 364 адам флюрографиялық зерттеуден өткізілді, оның ішінде 857 адамда патологиялық өзгеріс жағдайы диагностикаланды, 51 туберкулез жағдайы анықталды. Пациенттер әрі қарай тексерілуге, диагнозды анықтауға және кешенді емделуге жіберілді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

98 418 ауыл тұрғынына зертханалық, 61 034 адамға аспапты зерттеу жүргізілді.

20 мың 982 тексерілген адамдардың ішінен қауіп-қатер факторлары, оның ішінде 8 781 адамда темекі шегу, 3 939 адамда ішімдікті пайдалану, 8 262 адамда денедегі артық салмақтың бар екені белгілі болды.

«8 167 адамда созылмалы жұқпалы аурулардың, 5 494 адамда қан айналымы жүйесінің (артериалдық қысымның артуы, ЭКГ-дағы өзгерістер), 2 673 адамда қант диабетінің (диабеталды, ашқарындағы глюкоза деңгейінің ұлғаюы жағдайлары) белгісі анықталды», - деп мәлімдеді орталықта.

Маңызды патологиялары бар пациенттер облыстық орталықтарға тексеруге жіберілді.

Сонымен бірге, СӨСҚ аймақтық орталықтары өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесе отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.
Барлық құқығы қорғалған.

Фото: yk-news.kz




Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...