Лента новостей
0

Созақта 280 орындық жаңа балабақша ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.09.2016 17:01 Zakon.kz
Құрылыс алаңының жалпы аумағы 3281 шаршы метрді құраса, оның ішінде 1822 шаршы метрі балабақша ғимараты, ал 1459 шаршы метрі көркейту-көгалдандыру алаңы болып отыр.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Созақ ауданы Шолаққорған ауылында 280 орындық «Айшуақ» бөбекжай-балабақшасы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев пен ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының бас директоры Д.Досанов қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының демеушілік қаржысы есебінен салынған бөбекжайда балаларға барлық жағдай қарастырылған. Мұнда бүгінде жалпы саны 83 қызметкер жұмыспен қамтылып отыр.

Құрылыс алаңының жалпы аумағы 3281 шаршы метрді құраса, оның ішінде 1822 шаршы метрі балабақша ғимараты, ал 1459 шаршы метрі көркейту-көгалдандыру алаңы болып отыр.

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы мен салихалы саясатын жүзеге асыру үшін облыс пен аудан,қала әкімдерінің қолдауымен білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге ерекше мән беріліп келеді.

Жалпы Созақ ауданында 36 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар, оның он бір шағын орталық, сегіз жеке меншік нысанда қызмет көрсетеді. Осы жылдың өзінде төрт балабақша ашылса, жыл соңына дейін үш балабақша ашылады деп күтілуде. Осылайша, балабақшамен қамтылғандар саны биыл 3530-ге жетіп, 88,8 пайызды құрады.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: