Лента новостей
0

ОҚО тұрғындары «Тәуелсіздік» тау шыңын бағындырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.09.2016 18:51 Zakon.kz
Іс-шараға қатысушылар Өгем тау жотасының шығысы жағында орналасқан «Тәуелсіздік» шыңын бағындырумен қатар, суретшілердің сайысына да қатысты.
Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Бұл - біздің таулар» фестивалі өтті. Дәстүрге айналған шара биыл Төле би ауданы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінде өткізілді. Фестивальға ОҚО кәсіпкерлік, индустириялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М.Қарабаев және облыс тұрғындары мен қонақтары, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа саілтеме беріп хабарлайды.

Іс-шараға қатысушылар Өгем тау жотасының шығысы жағында орналасқан «Тәуелсіздік» шыңын бағындырумен қатар, суретшілердің сайысына да қатысты. Арнайы жол көрсетушілермен тауға шыққан жастар 2200 метр биіктікті бағындырып, өз алдарына рекорд жаңартты.

Бұдан бөлек, “Bal Tekstil” кілем тоқыма фабрикасының демеушілігімен «Біз туризм және экологиямен біргеміз» қайырымдылық шарасы өткізілді. Аталған шара қоғамдағы өзекті мәселе - ата-ана қамқорлығынан айырылған жандарға арналды. Фестиваль қортындысы бойынша белсенді жастар мен суретшілер марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Шара аясында сурет салу байқауы өткізіліп, авторлық әндер шырқалды. Осындай ауқымды шара өткізу арқылы ұйымдастырушылар ішкі, спорттық-экологиялық туризмнің дамуына ықпал етіп, облыстың туристік әлеуетін насихаттады. Сондай-ақ, келген қонақтардың табиғи нысандармен танысуына жағдай жасады.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: