Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінуде

21 сентября 2016, 15:30

Білім беру саласында ағымдағы жылы 37 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, жалпы саны 1 561 бірлікке, балаларды қамту көрсеткіші 80,5%-дан 82,3% жетті.

Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, 8 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Түлкібас ауданындағы ауылдық емхана іске қосылды. ОҚО-да әлемдік медицинадағы озық технологиялар пайдаланылуда. Балалар қан тамыр хирургиясын дамыту қолға алынды. Медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Есепті кезеңде нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 13%-ға, қанайналымы аурулары – 15%-ға, туберкулез – 24%-ға, онкопатология – 2%-ға төмендеді.

Білім беру саласында ағымдағы жылы 37 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, жалпы саны 1 561 бірлікке, балаларды қамту көрсеткіші 80,5%-дан 82,3% жетті.

Бүгінгі таңда 42 мектеп, 6 балабақша іске қосылып, нәтижесінде 11 апатты жағдайдағы және 9 үш ауысымдық мектептердің құрылысы аяқталды.

77 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ұлттық Бірыңғай Тесттің қорытындысы бойынша облыстың орташа балы 77,7 – ні құрады. Республикадағы ең жоғарғы 125 балды жинаған 19 бітірушінің 5-еуі біздің ОҚО-ның түлегі.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жартыжылдықта 33 383 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, бұл республикалық көрсеткіштің 16% құрады.

Есепті кезеңге аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 27%-ға төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрады.

Ағымдағы жылы 5 мәдениет үйі, 1 мұражай пайдалануға берілді.

Жыл басынан облыс спортшылары чемпионаттар мен біріншіліктерге қатысып, 403 алтын, 392 күміс, 384 қола медальға қол жеткізді.

Ағымдағы жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына 1 күміс, 1 қола медальды облыстың спортшылары салды. Есепті кезеңде 1 спорт кешені іске қосылды.

Халықты қажетті инфрақұрлыммен қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы 27 ауыз су нысанының құрылысы жүргізіліп, 25-і пайдалануға берілетін болады.

Оның ішінде, су құбыры мүлдем жоқ 7 елді мекенге (5,6 мың халық) жаңа ауыз су құбырларының құрылысы жүргізіліп, 14 елді мекендегі (59,5 мың халық) тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылады. Бүгінге 1 нысан іске қосылды.

Ағымдағы жылы құрылысы жүргізіліп жатқан 33 газ нысандарының 12-сі пайдалануға берілді. Жылдың қорытындысымен 25 елді мекен газдандырылып, нәтижесінде, табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны жалпы 293 жететін болады (1,7 млн.адам).

199 жол нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Қазіргі таңда, 45 нысан пайдалануға берілді. Жылдың қорытындысымен 179 нысанды немесе 520 шақырым жолды пайдалануға беруді жоспарда.

«2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 790 мың шаршы метр 262 үйдің құрылысы жүргізілуде (11 135 пәтер). Ағымдағы жылы 252 мың шаршы метрлі 151 үй (3 197 пәтер) пайдалануға беріледі.

Фото: tonykok.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...