Лента новостей
0

Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.09.2016 23:37 Zakon.kz
Қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту және қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту мақсатында екіжақты байланысты кеңейтуге ықпал етеді.
ҚР Қорғаныс министрлігінде Ұлыбритания Құрама Корольдігі және Солтүстік Ирландия Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген Еуропа жөніндегі департаментінің бастығы Саймон Лоның сапары шеңберінде Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволарының әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Меморандумға қол қоюға өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін негіз құрудағы екі мемлекеттің қорғаныс ведомстволарының ниет білдіруі арқау болды. Қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту және қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту мақсатында екіжақты байланысты кеңейтуге ықпал етеді.

Ұлыбритания Құрама Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның Қорғаныс министрлігімен әскери ынтымақтастық 1996 жылдан бастап екіжақты әскери ынтымақтастықтың жыл сайынғы жоспары бойынша жүргізіліп жатқанын айта кетейік.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыты «Қазбриг» әскери қызметшілеріне Британдық әскери консультативтік-жаттықтыру тобы нұсқаушыларының «Дала қыраны» оқу-жаттығуы мен тренингтердің өткізілуін қамтитын бітімгершілік дайындық болып табылады.

Одан басқа, Ұлыбританияның әскери оқу орындарында қазақстандық кадрларды даярлау және әскери білім беру саласындағы өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда.

Фото: www.mod.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: