Лента новостей
0

Павлодарда майшамның кесірінен сегіз баласы бар отбасы өртеніп кете жаздады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.09.2016 16:25 Zakon.kz
Облыстық ТДЖ-нің мәліметінше, бөлмеде 0,5 шаршы метр аумақта электроникалық техникадан өзге зат жанбаған.
Павлодарда Володарский көшесіндегі жатақханада сегіз баламен тұрып жатқан көп балалы ана өртті өзі сөндіріп, ажал аузынан аман қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

42 жастағы Жұмагүл Серғазинованың айтуынша, жарық өшіп қалған соң майшам жағуға тура келген. Алайда таң ата түтіннің иісінен оянған кезде бөлмедегі компьютердің сканері тұтана бастаған.

- Қатты дүрсілден шошып ояндым. Дереу лапылдаған отты сөндіре бастадым да өрт сөндірушілерге қоңырау шалдым, - дейді Жұмагүл Серғазинова.

Облыстық ТДЖ-нің мәліметінше, бөлмеде 0,5 шаршы метр аумақта электроникалық техникадан өзге зат жанбаған. Тілсіз жаудың шығуына сөндірілмей қалған майшам себеп болған. Дегенмен 11 мың теңге айыппұл салынғанына өкпелі көп балалы ана жарықтың сөніп қалғанына байланысты майшам жаққанын айтып ақталуда.

Айта кетерлігі, 13 жылдан бері пәтер кезегінде тұрған Жұмагүл Серғазинова жатақхана жағалап жүргеніне тоғыз жыл болған. Балалардың үлкені 22 жаста болса, кенжесі - сегіз айлық ұл. Қазір жеті қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған отбасы жалғыз жәрдемақыға қарап отыр. Себебі жолдасы уақытша жұмыссыздар қатарында.

Айгерім Жанкашова

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: