Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Шымкентте кезекті бауыр алмастыру отасы жасалды

26 сентября 2016, 17:05

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда әр түрлі бауыр аурулары бойынша 90-нан аса науқас есепте тұрады.

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында тағы бір науқасқа кезекті бауыр трансплантациясы жасалды. Жергілікті дәрігерлер бұл операцияны итальяндық профессор Рисалити Андреа бастаған трансплантологтармен бірлесе өткізді. Тоғыз сағатқа созылған бауыр ауыстыру отасы сәтті аяқталды. Бүгінде науқастың жағдайы жақсы. Бұл туралы дәрігерлер журналистерге берген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында трансплантациялық қызмет қарқынды түрде дамып келеді. Мұнда үш жыл ішінде 70 бүйрек пен 6 бауыр алмастыру операциясы жасалды.
Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы - материалдық-техникалық жабдықталуы мен ағзадағы органдарды ауыстыру жағынан тәжірибесі мол және қажетті мамандармен толық қамтамасыз етілген орталық. Аталған ауруханада HLA-лабораториясы белсенді жұмыс істеуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда әр түрлі бауыр аурулары бойынша 90-нан аса науқас есепте тұрады. Бауыр ауруының асқынған түрімен ауыратын науқастардың көпшілігі (гепатит, бауыр циррозы, бауырдың қатерлі ісігі) бауыр алмастыру отасын жасауға зәру.

Осы ретте трансплантация бағытындағы жұмыстарды дамытып, шетелдік мамандардан тәжірибе алмасу мақсатында Еуразиялық Медициналық Ассоциациясының Қазақстандағы өкілі Е.А.Ясылов пен Италия кәсіпкерлерімен және өндірісшілер конфедерациясының өкілі Армандо Рисалити арасында меморандум түзілген болатын.

Фото: ontustik.gov.kz

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...