Лента новостей
0

Биыл Павлодар облысында үй жануарларының құтырма ауруына байланысты екі дерек анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.09.2016 18:09 Zakon.kz
12218 ит және 260 мысық өлтірілді. Жыл сайын бұл мақсатта бюджеттен қаражат бөлініп, қаңғыбас иттерді аулау және өлтіру жұмыстары жүргізіледі.
Павлодардың санитарлық дәргерлері біздің өңірде тіркелген құтырма ауруы үшін алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және мәдени, әлеуметтік мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында белгілі болды. Аймақтық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ирина Сорокинаның айтуынша, адамдардың арасындағы құтырма дерті соңғы 40 жылдың ішінде былтыр бірінші рет тіркелген.

Ал, 2016 жылы зердтханалық сараптама бойынша 2 дерек анықталды. Оның біреуі – Шарбақты ауданында ірі қара мал құтырмасы болса, екіншісі - Успен ауданында аталмыш дертті ит жұқтырған. Мамандардың айтуынша, жануарларға жақын болған алты адамға эпидемиологиялық тексерулер жүргізіліп, аталмыш дертке қарсы вакцина екпесі салынған. Анықталған жағдайға байланысты профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында және облыстағы аудандар мен қалалардағы қаңғыбас иттерді аулау мақсатында биыл 26 бригада құрылып, 34 миллион теңге бөлінді.

Нәтижесінде 12218 ит және 260 мысық өлтірілді. Жыл сайын бұл мақсатта бюджеттен қаражат бөлініп, қаңғыбас иттерді аулау және өлтіру жұмыстары жүргізіледі. Алайда мамандар бір мезетте олардың саны азаймайтынын айтуда.

Талғат Төре

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: