Лента новостей
0

Қостанайда жарылыс салдарынан екі жасөспірім зардап шекті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.01.2017 17:45 Zakon.kz
10 және 13 жастағы екі жасөспірім жарақатпен облыстық балалар ауруханасына түскені атап өтіледі.
Полиция белгісіз заттың жарылуынан екі жасөспірімнің жарақат алу фактісі бойынша соталды тергеу жүргізуде. Бұл туралы ҚазАқпарат, облыстың ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Тергеу барысында петардаға ұқсас затқа сараптама жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталды», - делінген хабарламада.

10 және 13 жастағы екі жасөспірім жарақатпен облыстық балалар ауруханасына түскені атап өтіледі. Оқиға жайлы бұдан бұрын әлеуметтік желілердің бірінде белгілі болған. «Қостанай қаласы қайырымдылар клубы» аккаунтында жасөспірімдер белгісіз зат тауып алып, петарда деп ойлап, пілтесін жаққан. Жасы үлкені жансақтау бөлімінде жатыр, оның саусағын кесіп тастады, ер баланы қатты күйік шалған.

Фото:www.evening-kazan.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: