Лента новостей
0

Павлодар облысында қар құрсауынан 15 көлік пен 76 жолаушы құтқарылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.02.2017 23:07 Zakon.kz
Парамоновка ауылының жанында Қызылорда-Павлодар тас жолында Volkswagen, Fores және Audi маркалы автокөліктерінің соқтысуы салдарынан жол апаты тіркелген.
Павлодар облысында өткен жексенбі күні төтеншеліктер қар құрсауында қалып қойған 15 көлік пен 76 жолаушыны құтқарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД бірыңғай кезекшілік қызметі басқармасының басшысы Асқарбек Омаров мәлім етті.

- Түнгі уақытта Екібастұз тас жолынан 20 шақырым қашықтықта Бәйет ауылының жанында Астанаға бет алған 15 көлік тұрып қалған. Оның үшеуі - автобус, екеуі - жүк көлігі және 10-ы - жеңіл көлік. Сондай-ақ, Қалқаман ауылынан 25 шақырым қашықтықта Қалқаман-Баянауыл тас жолында қалып қойған Nissan және КамАЗ көлігінен төрт адам құтқарылды. Оның үшеуі ересектер болса, біреуі - бала. Екі адам Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылған, - деді Асқарбек Омаров.

Бұдан басқа, Парамоновка ауылының жанында Қызылорда-Павлодар тас жолында Volkswagen, Fores және Audi маркалы автокөліктерінің соқтысуы салдарынан жол апаты тіркелген. Оқиға орнында жеңіл жарақат алған үш адамға медициналық көмек көрсетілді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: