Лента новостей
0

Қарағандыда жалған гауһар тас кісі өліміне себеп болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.02.2017 17:29 Zakon.kz
Айыптау актісіне сәйкес сотталушылардың бірі танысынан гауһар тас сатып алған, бірақ ол жалған болып шыққан.
Асыл тас Қарағанды тұрғынының өліміне себеп болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Қарағанды облысы қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылығы, қару сақтағаны және кісі өлтіргені үшін айыпталған үш ер адамның ісін қарауда. Тергеу нұсқасы бойынша жанжалдың шығуы мен кісі өліміне жалған гауһар тас себеп болған.

«Үш ер адам бірқатар қылмыс жасағаны, оның ішінде кісі өлтіргені үшін айыпталуда», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінде.

Айыптау актісіне сәйкес сотталушылардың бірі танысынан гауһар тас сатып алған, бірақ ол жалған болып шыққан. Сатып алғаннан кейін екі айдан соң оның жалған екенін білген ол танысымен хабарласып, тас үшін берген Range Rover, Toyota Land Cruiser 200 және Lexus RX 350 - үш көлікті қайтаруын талап етеді.

Алайда бұл сәтте ер адам Lexus RX 350 көлігін сатып үлгеріп, бес мың доллар түсімді үшінші адамға беріп жіберген. Жалған бриллиант алып алданған ер адам екі досымен сатқан адамнан ақша алу үшін барады. Олардың арасында Ақтас көшесінде жанжал туындайды.

Сотталушылардың бірі ер адамға оқ атқан, өлім аузында жатқан ер адамды көлікке салып, Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ортопедия және травмотология орталығының шығаберісіне тастап кетеді. Ер адам есін жимастан көз жұмады.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: