Лента новостей
0

Тараз қаласында биылғы жылы алғаш рет үшем дүниеге келді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.03.2017 18:34 Zakon.kz
30 апталық болып туылған үшемнің салмағы 1400, 1490 және 1495 грамм.
Облыстық перинаталды орталықта үшем дүниеге келді. Мұндай бақытты сәт әскери қызметкер Мақсат Иманбеков пен оның жары Аида Жебегенованың шаңырағында орын алды. Бұл олардың отбасындағы көптен күткен қуаныш, - деп хабарлайды Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "ZhambylNews" ақпарат агенттігі.

Перинаталды орталық дәрігерлерінің айтуынша, 27 жасар Тараз тұрғыны, №2 қалалық емханада тіркеуде болған. Жүктілік еш қиындықсыз өткен. Үшемнің анасы босануға даярлық және бала күтіміне арналған мектептен өткен.

Балалар уақытынан ерте дүниеге келген, сондықтан дәрігерлер қатерге бас тікпей, жасанды түрде босандырып алуға бел байлаған. 30 апталық болып туылған үшемнің салмағы 1400, 1490 және 1495 грамм.

Бақытты ата-ана балаларына есімдер беріп үлгеріпті. Оларды Дархан, Шерхан және Ерхан деп атапты. Бүгінде жаңа туылған нәрестелер өздерін жақсы сезінуде және аналарымен босандыру үйінен шығуға дайын.
Көпбалалы ананы құттықтауға қала әкімі Рүстем Дәулет келіп оларға жылы лебіздерін білдіріп, сондай-ақ, сыйлық тарту етті.

Фото: zhambylnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: