Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Новости за сегодня

Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

18 марта 2017, 15:57

Шақырылушылар медициналық куәландыру мен әскери қызметке жарамдылығын анықтаудан өткізілетін өздері әскери есепке алынған жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерге бару қажет.

Қазақстанда әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны бастау алды. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

2017 жылғы көктемде Қарулы Күштерге, Қазақстан Республикасының өзге де әскерлері мен әскери құрылымдарына 1999-1990 жылғы 16 мыңнан астам азаматтарды шақыру жоспарланған. Әскерге шақырылым Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы «Мерзімді әскери қызметті өткерген әскери қызметшілерді, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес басталады. Биылғы жылғы көктемде мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар шақырылуға жатады.

Шақырылушылар медициналық куәландыру мен әскери қызметке жарамдылығын анықтаудан өткізілетін өздері әскери есепке алынған жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерге бару қажет. Жасақтау осыған дейінгі тәрізді бұрынғы аймақтық қағида бойында жүзеге асатын болады. Яғни, шақырылушы әскери қызметін өткеру үшін басқа аймаққа жіберіледі. Әскер қатарына толықтырылатын жас азаматтарды іріктеу және әскери бөлімдерге таратып үлестіру кезінде олардың шақырылымға дейін алған мамандықтары ескеріледі.

Шақыруды ұйымдастыру тәртібі мен медициналық куәландыру шаралары өткізу мәселелерін жедел түрде шешу үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігінде осы кезең аралығында арнайы «жедел желі» жұмыс жасайтын болады. Жауапты лауазымды тұлғалар азаматтардың қызығушылығын тудырған сауалдарына жауап беріп түсіндіреді. Мына телефон нөмірлері бойынша хабарласып кеңес алуға болады:8 (7172) 72-13-89 және 72-16-06.

Фото: www.mod.gov.kz

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...