Лента новостей
0

Шымкентте «Fortebank» АҚ-ның жаңа ғимараты ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.03.2017 15:08 Zakon.kz
Екі жақты келісімге орай алдағы уақытта көрсетілер қызмет түрлерінің арнасы кеңіп, қаржылай қолдау жасау жалғасын табатын болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Шымкентте «ForteBank» филиалы ашылды. Шара барысында облыс басшысы мен «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Әуезов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкмінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, аталған меморандум банк пен әкімшіліктің өзара байланысын бекітіп, аймақтың дамуына, қаржылық қызметтер мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы жергілікті халықтың игілігі мен өмір сапасын жақсартуға себепші болады.


Облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы жаңа қаржы иниститутының заман талабына сай ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатын көтеруде үлес қосатынына сенім білдірді.
«Еліміздегі қаржы институттарының ішінде «ForteBank» АҚ алар орны ерекше. Сондықтан оңтүстік кәсіпкерлерімен өзара бірлескен жобалар жасауға, облыстағы өнеркәсіп пен шағын және орта бизнес саласына несиелік жәрдем жасауға септігі тиеді деген сенімдемін» - деді Жансейіт Қансейітұлы.


Өз кезегінде, мәртебелі меймандар да аймақ басшысына алғысын білдіріп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Екі жақты келісімге орай алдағы уақытта көрсетілер қызмет түрлерінің арнасы кеңіп, қаржылай қолдау жасау жалғасын табатын болады.


Еске салсақ, 2016 жылы құрылысы басталған банк ғимараты 10 ай ішінде пайдалануға берілді. Нысанның жалпы аумағы 3 300 шаршы метрді құрайды.
Бүгінгі таңда республика бойынша 2 млн астам клиентке қызметін ұсынып отырған аталған қаржы ұйымының облысымызда 280 мыңнан астам тұтынушысы бар. Сондай-ақ 5000-ға тарта заңды тұлғалармен жұмыс істейді. Шымкенттегі бас кеңседен бөлек облыс аумағында 7 бөлімшесі жұмыс атқаруда. «ForteBank» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалында 220 адам қызмет атқарады.


"Forte Bank" акционерлік қоғамы 20 жылдан астам еліміздегі үздік 10 банктің қатарында қаржылық қызметін ұсынып келеді. Қаржы ұйымының республика бойынша 19 облыстық филиалы, 150 бөлімшесі бар.


Оӊтүстік Қазақстан облысында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы шеӊберінде кәсіпкерлердіӊ банктегі кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бағытымен "Forte Bank" АҚ арқылы жалпы кредит сомасы 4 522,2 млн. теӊгені құрайтын 39 жобаға қолдау көрсетілген.
Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: