Лента новостей
0

Шымкентте «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай мотошеру өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.04.2017 02:14 Zakon.kz
Оңтүстікқазақстандық байкерлер кезекті маусымды мотошерумен бастады. Шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сынды көршілес мемлекеттердің мотоциклистері арнайы келген.

Оңтүстікқазақстандық байкерлер кезекті маусымды мотошерумен бастады. Шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сынды көршілес мемлекеттердің мотоциклистері арнайы келген.

Мотоциклді өмірінің мәні деп білетін 100 шақты байкер кезекті маусымның ашылуын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арнады. Шымкент қаласының көшелерін аралап, «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттаған автошабандоздар өздеріне тән ережелер мен қағидаларды жұрт назарына ұсынды. Сондай-ақ Шымкент қаласындағы №3 жетім балалар үйіне арнайы барып, қайырымдылық шарасына атсалысты.

Оңтүстік Қазастан байкерлер федерациясының президенті Рүстем Базарбековтің айтуынша, 29 мамыр күні оңтүстікқазақстандық 10 байкер ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне республикалық мотошеру ұйымдастырмақ. Шымкент қаласынан бастау алатын мотошерудің мақсаты – ЭКСПО көрмесін республика жұртына кеңінен насихаттау.

«Мотошеру 29 – мамырда Шымкенттен бастау алады. Біздің бұл идеямызға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қолдау білдіріп отыр. Ең алдымен біз рухани астанамыз-Түркістан қаласына сосын Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Көкшетау қалалары арқылы елорда да өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына кіріп барғалы отырмыз», - дейді Оңтүстік Қазастан облыстық мотоциклистер федерациясының президенті Рүстем Базарбеков.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында мотоспортқа қызығушылық танытып, байкер атанғандардың саны 300-ге жуықтайды. Олар жыл сайын облысымыздағы қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, жастарды спортқа баулуға, салауатты өмір салтын ұстануға атсалысып келеді.


zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: