Лента новостей
0

Петропавлда қыз үшін жанжалдасқан жігітті өлтіріп кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.05.2017 15:11 Zakon.kz
Ізіне түскен полицейлер күдіктіні дереу ұстап алады.
Өткен сенбіде Петропавлдың Черемушек ауданында пышақ жарақаты бар жігіттің денесі табылды. Бұл туралы stan.kz, pkzsk.info жазған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Жас жігіттің денесін жолдың бойында көліктен түсіріп кеткен. Белгілі болғандай жігіттер қыз үшін дауласып қалған. Олардың бірі сүйіктісін бір жігіттен қызғанып оған көлігімен келеді. Нәтижесінде келген жігіт үшін жанжал қайғылы аяқталып, оған пышақ салынған.

Бұзақы қан-қан болған денені Рижск мен Интернациональный көшелерінің қиылысына тастайды да өзі өлген жігіттің көлігіне отырып кетіп қалған. Кейінірек ол көлікті Новопавловка ауданына қалдырады. Сондай-ақ, қайтыс болған жігіттің телефонын ұстап қаладан автобус арқылы кетіп қалуға талпынған.

Оның ізіне түскен полицейлер күдіктіні дереу ұстап алады.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: