Лента новостей
0

Қостанайда кенеден зардап шеккендер саны көбейді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.05.2017 23:23 Zakon.kz
Қостанай қалалық емханасына сәуір айында кене шаққан 37 адам көмек сұрап келген.
Мамыр айы басталғалы бері кене шаққан 13 адам облыстық емхана дәрігерлерінің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мамыр айында 13 баланы кене шағып алды. Олардың барлығына дәрігерлік көмек көмек көрсетілді. Сондай-ақ инфекциялық аурулар дәрігерлерінің қарауынан қосымша өтті. Көпшілік жағдайда кене шаштың арасында, мойын сан тұстарында жиі кездесіп жатады»,-деді Қостанай облысы балалар емханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ольга Сон.

Қостанай қалалық емханасына сәуір айында кене шаққан 37 адам көмек сұрап келген. Кенеден зардап шеккен жағдайлардың жиіленуіне байланысты мамандар табиғат аясындағы демалыста кенеден барынша сақ болуға, сақтық әрекеттерін жасауға шақырып отыр.

«Егер кене шағып алса бірден дәрігерлердің көмегіне жүгініп, өздігімен емдеуге әрекет жасамау керек. Сондай-ақ кене шағып алған орындарға дәрігерлердің нұсқауынсыз түрлі дәрілік майларды жағуға рұқсат етілмейді»,- деп атап өтті Сон.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: