Лента новостей
0

Павлодарлық мергендер Еуропа турнирінен жүлдемен оралды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.06.2017 23:17 Zakon.kz
Жарыс Германияның Мюнхен және Ганновер қалаларында өткен.
Павлодарлық мергендер Еуропа турнирінің гранд-сериясында мылтық атудан үш медаль алып келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жарыс Германияның Мюнхен және Ганновер қалаларында өткен. Еуропа елдерінде мұндай шаралар дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Әлемдік бәсекеде Азия елдерінің командалары да бақ сынады. Турнирдің күміс медаль иегері Максим Мазепаның айтуынша, павлодарлық спортшылар бұл жарыста ел намысын абыроймен қорғаумен қатар өздеріне де мол тәжірибе жинаған.

- Қарсыластар оңай болған жоқ. Жарыс алаңында толқу болды. Өйткені, әлемнің ең мықтылары келгенін білдік. Әсіресе, Үндістанның өкілдері қазір бұл спорт түрі бойынша өте мықты болып табылады. Дегенмен, бар күшімізді салудың арқасында біздің команда екінші және үшінші орындарды жеңіп алды, - дейді Максим Мазепа.

Талғат Төре

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: