Лента новостей
0

Уақытылы өзгеріс - сот жүйесінің жарқын жетістігі

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.06.2017 20:01 Фото: zakon.kz

Уақытылы өзгеріс - сот жүйесінің жарқын жетістігі

 

 Бүгінгі таңда сот жүйесін жетілдіру мен жаңғырту жолында үлкен жұмыстар атқарылуда. Оның бір дәлелі Елбасы дәстүрлі Жолдауында сот жүйесіне аса назар аударады. Мемлекет басшысы биылғы халқына жолдауында «Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды», - екендігін атап өтті.

Бұл ретте, судьялардың тәуелсіздігі мен мәртебесі елімізде заң жүзінде белгілендігін атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.

Еліміздің сот корпусының негізгі бөлігін сауатты, кәсіби білікті судьялар құрайды. Судьялардың кәсіби және тәжірибелік білімдерін ұдайы арттыру, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында, олардың мамандану мәселесін ескере отыра, Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған «Сот білімі Стратегиясы» қабылданып, қазіргі таңда стратегия талаптарын толыққанды жүзеге асыру талабы жүктелуде.

 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы президенті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ерекше мемлекеттік аппарат құруды тапсырып, ашықтыққа басымдық беруді міндеттеді. Бізге қатысты мәселе заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған 11 қадамы сот жүйесін реформалауға қатысты мәселелерді қамтыған.

Елбасының судьялар біліктілігіне қойылатын талаптарын күшейтуі, заман талабынан туындап отырған мәселе. Ата Заңымызбен сот төрелігін Қазақстан Республикасының атынан соттардың жүзеге асыратыны, сот төрелігін іске асыру өкілеттіктер берілген, өз міндеттерін тұрақты негізде орындайтын және сот билігін жүргізуші болып табылатын мемлекеттің лауазымды адамы - судьялармен жүргізілетіні белгіленген.

Сол үшін мемлекет атынан шешім қабылдап, сот төрелігін жүзеге асырушы судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының күшейтілуі шартты қадам болып табылды.

Оның ішінде, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайтуға баса назар аударылып, сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі міндеттелді. Өз саласының білікті маманы болуы үшін сол салада төменгі сатыдағы қызметтерді атқарудан бастап, сатылы түрде тәжірибе жинақтау арқылы білімін, кәсіби дағдысын ұштайтыны белгілі. Бұл жүйе кез келген адамның судья лауазымына өтіп кетпей, сот ісін жүргізуден нақты тәжірибесі бар, сот жүйесінде қызмет атқарған, сот процестеріне үнемі қатысып қалыптасқан хатшылардың, ең маңыздысы судьялық корпусқа білікті мамандардың келуіне септігін тигізеді.

Судьялыққа үміткерлер соттарда судья жалақысының 70 пайызы мөлшерінде жалақысы төленетін бір жылдық тағылымдамадан өту және одан кейін судьяға бір жылдық сынақ мерзімін белгілеу деп атап көрсетілген.

Судьялықтан үміткер судьяның көмекшісі қызметінде сотта істің қалай қаралатынын, сот процесінің қалай ұйымдастырылатынын, дәлелдемелерді заң нормаларына сәйкес зерттеу, сот актілерін сауатты жазуға машықтану сынды даярлықтан өтіп, білікті судьялар корпусының қалыптасуына ықпал ететін болады.

Судьялардың есеп беру тәртібі күшейтіліп, судьялыққа кандидаттардың кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеретін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу қарастырылып отыр.

100 қадамның қатарында судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ету мақсатында «Сот төрелігі» институты мемлекеттік басқару академиясынан бөлініп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанында қызмет атқарады.

Сот корпусында жұмыс атқаратын судьялардың біліктілігіне баса назар аудару қажеттігін Елбасы атап көрсетті. Бұл бағытта түрлі іс шаралар жасалды. Оның бірі Жоғарғы соттың пайымдауы бойынша мамандандырылған, білім алған үміткер судья біліктілігін және жұмыс сапасын жақсартуы. Сондықтан қалыптасқан «Сот төрелігі» институтында оқыған үміткер магистрант болып шығады. Олардың білім алуына мемлекет қаржы бөледі. Бітіруші магистранттың кейіннен судьялық лауазымға қатысу және қатыспау құқығы бар.

Сонымен бірге судьяларды аттестациялау мәселелері де көтерілуде. Аттестациялау мәселесі де бұрынғы жүйедей емес. Мемлекеттік қызметшілерден бөлектеу болу мәселесі қарастырылуда, яғни бес жыл ішінде бір рет аттестациядан өту қажеттілігі қозғалуда.

Сондықтан басты міндет - Елбасы бағыт-бағдарын айқындап берген нақты мақсаттарын мінсіз орындау болмақ.

 Сонымен қатар, сот жүйесіндегі елеулі өзгерістің бірі яғни мамандануды дамыту сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып табылады. Қазіргі кезде республикада экономикалық, әкімшілік, әскери, ювеналды соттар жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда, республика бойынша барлық сот отырысы залы бейне-дыбыс жазу құрылғыларымен 100% қамтамасыз етілген. Бұл сот хатшыларына біршама жеңілдік беретіндігі рас. 2014 жылдың 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот құжаттарымен танысу» және «Сот кабинеті» атты жаңа электронды сервистері іске қосылған болатын. Аталған сервистер арқылы талап қою арызын, тиісті құжаттарды, бұдан бөлек қаралып жатқан қандай да бір істі электрондық түрде жолдап, қарауға болады.

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар аясында Қазақстан Республикасы сот органдарында бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық - талдау жүйесі «ТӨРЕЛІК» бағдарламасы енгізілген, бұл жүйе арқылы сот ісін жүргізу электрондық тәсілмен жүргізіледі.

Жоғарыда аталған өзгерістердің уақытылы жүзеге асырылуы сот жүйесінің жарқын болашағын көрсетеді. Осы бағыттан таймай, ауқымды шараларды іске асыруда белсенді ат салысып, өз үлесімізді қоссақ бүгінгі сот жүйесінің көрінісі оданда көркейе түсетініне сенімім мол.

 

 

Астана қаласы Алматы аудандық

сотының судьясы Б.Т.Кабылбеков

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: