Лента новостей
0

Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің туыстары марқұмның бүйрегінің рұқсатсыз алынғанына ашулы

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.06.2017 18:20 Zakon.kz
Журналистермен жоспарланған кездесуге марқұмның туыстары мен адвокаты да қатысты.
Донорлық төңірегіндегі дау басылмай тұр. Апта басында Ақтөбеде марқұм 22 жастағы жігіттің туысқандары шу шығарды. Айтуларынша, дәрігерлер қайтыс болған жігіттің органдарын алып, бүйрегін ауыстыруға кезек күтіп жүрген екі науқасқа салған, деп жазады "Еуразия" бірінші арнасы.

Ең қызығы сол, бұл туралы марқұмның жақындарынан рұқсат та сұрамаған. Кейін Серікболсын Көшербайдың туыстарының жанайқайы билік басындағыларға да жетті. Мәселеге қатысты министрдің өзі мәлімдеме жасады.

Елжан Біртанов ақтөбедегі әріптестерінің әрекетін дұрыс деп бағалады. Бірақ дәрігерлер сүйенген заңнама қайсы?
Мәйіттік донорға айналғысы келмеген азамат не істеуі керек?

Басынан ауыр соққы алған 22 жастағы Серікболсын Көшербай әуелі аудандық ауруханаға түскен. Кейін ес-түссіз жатқан жерінен санитарлық авиациямен облыс орталығына жеткізіледі. Есін жимаған ол үш күннен соң жүріп кетеді. Бауырының ішкі құрылысын дәрігерлер өзгеге өмір сыйлау үшін алғандарын жақындары мәйітханадағылардан бір-ақ естиді. Сол жердегілердің «бүйрегін қаншаға саттыңдар» деген сұрағы туысқандарына төбеден жай түскендей болыпты.

«Моргтен алатын кезде сол жерде біреу айтыпты өстіп, осы баланың почкасы алынған екі почкасы деп, енді осы жаққа әкелгенде өлгеннен кейін алып отырғандары ғой сұраусыз. Ол кезде тумаларының бәрі бар ғой, қасында, ең болмаса біреуінен айтып сұрау керек еді» — марқұмның нағашы апасы Гүләйім Есенбаева.

Қара жамылған отбасы еш рұқсатсыз мәйіттің органдарын алған кінәлі адамдарды тауып, қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап, құқық қорғау органдарына шағымданды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірақ, еліміздің бас дәрігерінен бастап, республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығының директоры – бәрі бірауыздан ақтөбелік дәрігерлердің әрекетін құптап отыр. Себебі, бұл мәселе заңмен әлдеқашан реттеліп қойған екен.

«2009 жылы қабылданған. Ми қайтыс болғаннан кейін құжаттарды қарайды, бұл жігіт, иә туысқандары миы өлмей тұрып, тірі кезінде қолхат берілді ме жоқ па, егер берілмесе, туысқандары қарсымыз деген сияқты қолхат бермесе, әрі қарай мына заң өз күшіне енеді» — трансплантацияны үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиев.

Келеңсіздіктен кейін Жақсылық Досқалиев мән-жайды түсіндіру үшін Ақтөбеге арнайы келген еді. Журналистермен жоспарланған кездесуге марқұмның туыстары мен адвокаты да қатысты. Көкейіндегі сұрақты төтесінен қойды.

«Осыны алдын ала туысқандарына ескертпеу керек пе сонда? Сіз айтып жатырсыз, заң жүзінде біз аламыз деп, ладно аласыз, бірақ неге туыстарына ескертуге болмай ма?» — марқұмның туысы Есенжан Тынымұлы.

Фото: 1tv.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: