Қарағанды облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының

 кеңсе меңгерушісі

Назира Кашкеева

 

Сотта істі өкіл арқылы жүргізу

 

Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған құқықтық реформа біздің елде демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет қалыптастыруға бағытталған. Бұл қолға алынған мақсат мемлекеттің негізгі заңында - Конституцияда бекітілген, мұнда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын мемлекеттің қызметінің алғышарты ретінде жарияланған. ҚР Конституциясының 13 бабының 3 бөлігіне сәйкес, әрбір азаматқа білікті заң көмегін алуына кепілдік беріледі. Осы жағдай кез келген заң саласындағы көмекке мұқтаж болған әрбір мүдделі азаматқа барынша жоғары деңгейдегі кез келген заңдылық көмек беруді қамтамасыз ететін мемлекеттің конституциялық міндетін білдіреді. ҚР АІК сәйкес азаматтық іс өндірісінде осындай көмек көрсетуді өкіл арқылы қамтамасыз ету белгіленген.

Азаматтық өндіріс барысында өкілдік ету ҚР Конституциясында жарияланғандай сотта қорғану құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Өкілдік ету - маңызды процессуалды институт, ол сот өндірісіне қатысы бар тұлғалардың құқықтарының және жалпы әділеттілік саласындағы жауапкершіліктердің нақтылы түрде қорғалуына жәрдемдесуші қызмет атқарады.

Сотта өкілдік ету - азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша жеке дара институт болып табылады, мұнда сот пен өкіл арасындағы қарым-қатынас реттеледі, сонымен бірге өкілдік етуші тұлға мен өкілдің арасында істі қарау және шешім қабылдау барысында туындайтын қатынастарды да реттеп отырады.

Кейбір жағдайларға байланысты азаматтар сот отырысына қатысуды қаламайды немесе уақыты болмайды. Құқықтық себептер ретінде қарастыратын болсақ, мұны тұлғаның қажетті деңгейде қабілетінің болмауына жатқызуға болады. Ал нақтылы себептер - қабілетті азаматтың іс жүргізуге қатысуына кедергі болатын жағдайлардың туындауы (ауыруы, іссапарда болуы және т.с.с.). Бұлардан басқа жеткілікті деңгейде құқықтық сауаттылығының болмауына байланысты тұлғаға білікті заң көмегі қажет болады. Осыған ұқсас болатын тағы бір жағдай заңды тұлғаның құқықтық мүддесінің қорғалуы барысында, іс жүргізу процесін оның бүкіл қызметкерлері емес, тек шектеулі топ жүзеге асыруы қажет. Осы мақсатта азаматтық іс жүргізу үшін өкілдік ету институты қызмет атқара алады.

Заңға сәйкес азаматтар өз істерін сотта жеке немесе өкілдер арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іс жүргізуге жеке араласуы оның осы мәселе бойынша өкілдерді пайдалану құқығынан айырмайды. Заңды тұлғаның істерін сотта заң бойынша, өзгедей нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтайшылық құжаттармен берілген құзырлықтары шегінде оның басшылары жүргізеді, және (немесе) олардың өкілдері атқаруы мүмкін. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа өзінің лауазымдық дәрежесі мен құзырлығын куәландыратын құжаттарды ұсынады.

Сотта өкілдік етудің мақсаты болып өзі өкіл етуші тұлғаны сотта қорғау, өкілі болып табылатын тұлғаға көмек көрсету және сотқа іс бойынша дұрыс шешім қабылдауына жәрдемдесу.

Сот өкілінің іс жүргізу қызметі өзі өкілі болып табылатын тұлғаның атынан және оның мүддесі үшін іс жүргізуді жүзеге асырумен тұжырымдалады. Нәтижесінде өкілдің емес, ол өкілдік етіп отырған тұлғаның іс жүргізу құқығы мен іс жүргізудегі жауапкершіліктері туындайды.

Сотта өкілдік етудің екі түрлі құқықтық қатынастары пайда болады: сыртқы - өкілдің сотпен қатынасы және ішкі - өкілдің ол өкілі болып табылатын тұлғамен ара қатынасы. Сыртқы қарым-қатынас тек азаматтық іс жүргізу құқықтарының нормаларымен реттеледі. Өкілдің өзі өкілі болып отырған тұлғамен қатынастары (ішкі қатынастар) материалдық құқықтар нормаларымен регламенттеледі.

Азаматтық іс жүргізудегі өкілдік ету материалдық құқықтық қатынастар бойынша өкілдік етумен ұқсас жақтары бар, алайда оларды араластыруға болмайды. Азаматтық өкілдік ету азаматтық заңнамалар, ҚР АПК нормалары мен сот нормалары негізінде жүргізіледі. Азаматтық құқықтағы өкіл өз атынан ол өкілі болып табылатын тұлғаның мүддесін қорғау мақсатында мәмілелер жасау арқылы әрекет ете алады. Сот өкілі тек іс жүргізу әрекеттерімен ғана шектелуімен сипатталады.

Сот өкілінің құзырлығының материалдық құқықтағы өкіл құзырлығынан айырмашылығы сот отырысының хаттамасына енгізілетін ауызша өтінішке сай немесе соттағы сенім білдірушінің жазбаша түрде берген өтінішіне сәйкес анықталады. Азаматтық құқықтағы өкілдің мақсаты - өзі өкілі болып табылатын тұлғаның азаматтық құқықтарын және жауапкершіліктерін қалыптастыру, өзгерту немесе тоқтату. Сотта өкілдік ету азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажеттілік болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 58-бабына сәйкес мына тұлғалар сотта өкіл бола алады.

1) адвокаттар;

2) заңды тұлғалардың істері бойынша - осы заңды тұлғалардың жұмыскерлері, ал мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің істері бойынша - осы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;

3) кәсіптік одақтардың - құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша уәкілетті өкілдері;

4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті өкілдері;

5) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;

6) іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен, жоғары заң білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.

Өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхатпен расталады.

Адвокат ордерге сәйкес өкілдік жанында, ҚР АП Кодекстің 60-бабында санамаланған әрекеттерді қоспағанда, қажетті процестік әрекеттерді жасауға құқылы. Олардың әрқайсысын жасауға құқығы сенімхатта көрсетілуге тиіс.

Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар келесілер:

- Судьялар, тергеушілер, прокурорлар және Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың өкілдері немесе заңды өкілдері ретінде қатысуынан басқа жағдайларда, сотта өкіл бола алмайды.

- Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокаттар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.

Сонымен қоса, тұлға тапсырма бойынша өкіл бола алмайды, егер:

1) мүдделері өзі өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғаларға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса;

2) бұрын істі қараған және шешкен кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе куәгер ретінде қатысса;

- басқа тараппен немесе үшінші тұлғамен, судьямен, прокурормен, сот отырысының хатшысымен, іс бойынша қорытынды берген сарапшымен, маманмен, аудармашымен туыстық қатынастарда болса;

- психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты және басқа да себептер бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса.

Сонымен, сотта өкілдік ету себептері ол - мүдделі тұлғаның істі өзі жүргізуі қолайсыз болса, мүдделі тұлғаға біліктілік заң көмегі қажет болса (адвокаттың көмегі) және істі өзі жүргізу мүмкіндігі жоқ болса (әрекет қабілеттілігі жоқ болса, кәмелет жасқа толмаса т.б.)

Сотта өкілдік ету - азаматтық істерді қарау және шешу кезінде туындайтын сот пен өкілдің және өкіл мен өкіл тағайындаушының арасындағы қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығының жеке институты болып табылады.

 

17 июля 2017, 15:24
Источник, интернет-ресурс:

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Акции
Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код