Лента новостей
0

Павлодарлық археологтар Баянауылда көне замандағы қабірді анықтады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.08.2017 16:22 Zakon.kz
Археологтардың айтуынша, табылған қабір өлке тарихын айтарлықтай толықтыра түспек.
Павлодарлық археологтар Торайғыр көлінің жағасындағы «Мұртты қорған» ескерткішінің жанынан біздің эрамызға дейінгі VIII – VI ғасырлардағы қабірді анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ПМПИ жанындағы «Margulan Centre» өңірлік археологиялық орталығының қызметкерлері бұл жерде сақ дәуіріндегі қорғандарды зерттеумен үш ай бойы айналысуда.

- Қорғанның түбінде осыдан 2600-2700 жыл бұрын өмір сүрген жауынгер жерленген, - дейді орталық директоры Тимур Смағұлов.

- Сүйектің қалдықтарына қарағанда жас адам болған көрінеді. Зерттеу жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейін бұл адамның нақты қандау әлеуметтік топқа жатқанын білуге болады. Антропологиялық зерттеулер оның түр әлпетін анықтауға мүмкіндік береді. Бәлкім, жауынгердің портреттік бейнесін де алып қалуымыз ықтимал.

Археологтардың айтуынша, табылған қабір өлке тарихын айтарлықтай толықтыра түспек. Бұдан басқа, «Туған жер» бағдарламасы бойынша табылған қалдықтар Баянауылдың соңғы туристік маршрутына енгізіледі деген үмітте.

- Торайғыр көлінің жағасында және Кемпіртас шатқалында мыңнан астам адамның қатысуымен экскурсия ұйымдастырылуда, - дейді археологиялық орталықтың жетекшісі.

– Біз өз орталығымыздың зертханасы мен алғашқы табыстарымыз көрсетілген филиалды аштық. Алдағы уақытта мұнда ашық аспан астындағы музей мен Баянауылдың археология музейі ашылады. Біздің өлкенің тарихына қызығушылық танытқан кез келген адам осы жерден барлығын тамашалай алады.

Орталықты алғашқылардың бірі болып Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та арлап шықты. Өңір басшысына археологтар қазба жұмыстары жүргізілген орында біздің эрамызға дейінгі VIII – X ғасырлардағы балбал тастар аллеясын орналастыруды жоспарлап отырғандарын атап өтті.

Томирис Бекжан

Фото: Әділ Әскеров


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: