Лента новостей
0

Павлодар облысындағы Жасыбай көлінен тапанша табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.08.2017 17:12 Zakon.kz
Жастар көлдің түбінен тіпті радиаторлар алып шыққандарын айтуда.
Баянауыл су айдындарында табылған ерекше олжа туралы «Жасыл ел» су астындағы жасағының командирі Вячеслав Монахов айтып берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жасыбай көлінің түбіндегі тапаншаны Вячеславтың өзі тауып алған. Оның айтуынша, қару жағадан 10-12 метр қашықтықта жатқан. - Оттегі бар баллон болмаған кездері көлдің жағалауға жақын аумақтағы түбін зерттейміз, - дейді ол.

– Шамамен алты метр тереңдікте металл затты көзім шолып қалды. Сөйтсе, оқ салатын қорабы жоқ тапанша екен. Сарбаздың айтуынша, судың түбінде нақты қандай жауынгерлік пе әлде ойыншық, пневматикалық қару жатқанын айта алмайды. Дегенмен металлдан жасалған қару әдеттегі пластмасса ойыншықтан әлдеқайда ауыр.

Олар тапаншаны полицейлерге тапсырды. Жастар көлдің түбінен тіпті радиаторлар алып шыққандарын айтуда. Мәселен, жуырда ғана сегіз секциядан тұратын шойын батарей тауып алған сарбаздар оның судың түбіне қалай түскеніне таң қалуда.

- Бұл жолы біз диаметрі үлкен және ұзындығы екі метр болатын құбыр тауып алдық. Сонымен қатар зәкірге ұқсайтын үлкен шынжыр шықты. Өкінішке орай, оның барлығын срытқа алып шығуға күшіміз жетпеді, - дейді Вячеслав Монахов.

Айта кетейік, бес сарбаздан тұратын «Жасыл ел» су асты жасағы Баянауылда жаздың соңына дейін жұмыс істейді.

Томирис Бекжан

Фото: Әділ Әскеров

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: