Лента новостей
0

Солтүстік Қазақстанда селфи жасау үшін бағанаға шыққан жасөспірім тоққа түсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.08.2017 19:46 Zakon.kz
Қазір күйік шалған 9-сынып оқушысы ауруханада емделіп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют қаласында селфи жасау үшін электр бағанасына шыққан 9-сынып оқушысын құтқарушылар мен полицейлер дер кезінде түсіріп алды, деп хабарлайды sputniknews.kz, СҚО ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Селфиге деген әуестіктен 15 жасар жасөспірім мерт бола жаздады. Айрықша сурет жасап, көп "лайк" жинамақшы болған Мамлют қаласының 9-сынып оқушысы ұялы телефонын алып, жоғары вольтты бағанаға шыққан. Қас қағым сәтте тоқ соққанын өзі де аңғармай қалған.

"Мамлют ауданының ІІБ кезекші бөліміне жасөспірімнің бағанада асылып тұрғаны жайлы хабарлама келіп түскен. Электр мамандары тез арада кернеуді ажыратып, құтқарушылар мен полицейлер мектеп оқушысы бағанадан түсіріп алады. Бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Қуанышқа қарай, бұл жағдай жасөспірім үшін күйік жарақатын алумен ғана аяқталды", — дейді Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Серік Әлжанов.

Қазіргі уақытта оқушының өміріне ешқандай қауіп жоқ, денсаулығы қалыпты.

Айтпақшы, өмірін қатерге тігіп түскен суреті телефонында сақталмапты.

"Жасөпірімдердің экстремалды селфимен әуестенуі үрей туғызады. Балалар биік ғимараттарда, судың жағасында және басқа да жерлерде түсірілген айрықша суретті көреді, бір қарағанда қауіп төндіретін жерлер емес сияқты. Бірақ олар бастапқыда қатарласып жүретін желдің екпінін, электр кернеуін, топырақтың опырылуын және тағы да осы кесілді жағдайларды ескермейді. Ересектер балаларға селфимен әуестенудің қауіптілігін түсіндіруі қажет", — деп атап өтті полицейлер.

Әлемнің көптеген елінде моноподтарды пайдалануға арнайы тыйым салынғаны белгілі.

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: