Лента новостей
0

Берлиндегі қазақтар ана тілінде білім алып жатыр - Елші

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.08.2017 23:43 Zakon.kz
Елші Еуропада тұратын қазақтардың кіші құрылтайының өтуіне атсалысып жүргенін айтады.
Қазақстан-Германия серіктестігінің басым бағыттары бойынша баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов Германиядағы этникалық қазақтар туралы сөз қозғады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Елшінің айтуынша, Германия Қазақстанның Еуродақтағы және ірі серіктестерінің бірі. 25 жылдың ішінде екі ел арасында стратегиялық серіктестік жолға қойылып, шикізат, сауда, энергияны үнемдеу бағыттарында ынтымақтастық жақсарып келеді. Бұл күнде Еуропаның басты доноры болып отырғандықтан, ол елмен лайықты диалог құруға әлемдегі кез келген мемлекет мүдделі.

Қазақстан Президенті екі елдің ынтымақтастығы жолға қогйылғаннан бері Германияға 7 мәрте ресми сапар жасаған. БАҚ өкілдерінің басын қосқан Болат Нүсіпов Германиядағы қазақ мәдени орталықтары туралы да айтып өтті.

«Германияда қазақ диаспорасы бар. Олармен қарым-қатынасымыз өте тығыз. Біздің кез келген шарамызға отбасыларымен бірге белсене араласады. Мәдени тұрғыда бірлесе жұмыс атқарамыз. Германияда бір емес, үш қазақ мәдени орталығы бар. Ең үлкені Кельнде, екіншісі Мюнхенде, үшіншісі Берлинде орналасқан. Біздегі мәлімет бойынша, Германияда тұратын қазақтардың саны 1 мыңнан асады. Барлығы да үш қалада өте тығыз өмір сүреді», - дейді Болат Нүсіпов.

Сондай-ақ Елші Еуропада тұратын қазақтардың кіші құрылтайының өтуіне атсалысып жүргенін айтады.

Оның сөзін сүйенсек, кіші құрылтайлар 2011 жылы Копенгагенде, 2014 жылы Берлинде, 2016 жылы Кельнде болып өткен.

«2014 жылы Берлинде қазақ мәдени-экономикалық орталығын аштық. Сол орталықта қазақтың балалары қазақ тілін оқып жатыр. Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім бар. Ендігі кезекте қазақ мәдени-экономикалық орталығында тек қана қазақ тілінен сабақ берумен шектелмей, экономикалық сала пәндерін де оқытуды жоспарлап отырмыз», - дейді Елші.

Фото: inform.kz
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: