Лента новостей
0

Ажырасу оңай ма?

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.08.2017 09:50 Фото: zakon.kz

 Ажырасу оңай ма?

 

Ж. Рамазанова

Астана қаласы Есіл  ауданыдық сотының судьясы

 

Ата заңымыз - Конституцияның  27-бабы бойынша,   неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында  «Балалар - қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес.   Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын.    Біздің топырағымызда туған кез келген сәби - қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.      Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі - тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті..... Бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деп көрсеткен.

Алайда, қазіргі кезде Қазақстанда әрбір  үшінші  неке ерлі-зайыпталардың  ажырасуымен аяқталады екен. 

Британдық «Economisrt» басылымының 2015 жылғы статистика  мәліметтеріне сүйенсек,  ажырасу  саны жағынан  көрші Қырғыз елі әлем бойынша  48-ші орында, 1 миллиардтан астам халқы бар Қытайда мың адамға шаққанда  ажырасу көрсеткіші 1,8 болса, ал  17  миллион ғана  халқы бар Қазақстан  бірінші  ондыққа кірген (1000 адамға шаққанда  ажырасу көрсеткіші - 2.8).

Сот тәжірбиесіне жүгінсек, ажырасудың  негізгі себептері -  ерлі-зайыптылардың  тұрмыста бірін-бірін түсінбеуі, олардың біреуінің  араққа салынуы немесе опасыздық жасауы, зорлық-зомбылық көрсетуі,   отбасындағы  материалдық  қиыншылықтар.   

Әрине,   заң  тұрғысынан алғанда  неке қию (ерлі-зайыпты болу)   еркек пен әйелдің, ал осы некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату ерлі-зайыптылардың өз еріктері. Алайда,  қоғамдағы мінез-құлық ережелері бекітілген әдептілік  қағидалары,  дін  уағыздары, кез-келген  мемлекеттің  саясаты   ажырасуға қарсы. Тек,  белгілі-бір жағдайларда ғана  - некедегі ерлі-зайыптылардың біреуі зорлық-зомбылық көрсетсе немесе онымен бірге тұру  жұбайының, балаларының  және  өзге де  отбасы мүшелерінің,   өміріне, денсаулығына қауіп төндірсе,  қандайда бір психологиялық  қысым көрсетілсе  ажырасу  абзал ғана емес, міндетті. Ондай  некені дер кезінде бұзбаса, арты қандайда бір қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін.

Д. әйелдің  күйеуі  араққа салынып,  он жыл бойы жұмыс істемей,  оны  үнемі  ұрып соғатын болған.  Төзімі таусылған  әйел   сотқа ажырасу туралы талап арыз бергенімен,   ажыраса алмады.  Істі қарауға  жеткізбей   күйеуі  әйелін  өлтірді.

Кейбір әйелдер жұбайының жылдар бойы  зорлық зорбылығына шыдап келсе, ал кейбіреулер себепсізден-себепсіз болмашы нәрсеге ренжесіп  қалып, сотқа  жүгініп,  ажырасып жатады. 

Мысалы,  бір жылға жетпейтін уақыт ішінде  М. деген еркек  сотқа 6 рет  ажырасу туралы талап арыз беріп, оның  бесеуін қайтарып алған. Тек соңғы арызы бойынша  некені бұзу туралы шешім қабылданды.

Бір азаматтық іс бойынша  Е. деген  ақсақал 70  жастан асқан шағында жарты ғасыр бірге тұрған кемпірімен  сот арқылы ажырасып, ортақ мүліктерін бөлісті. Кейіннен бұрынғы әйелімен қайта қосылды. Бұл дегеніміз, болмашы нәрсеге ұрысып, сотқа  ажырасуға келетіндердің тек жастар ғана еместігін көрсетеді. Бұл, әрине қынжылтатын жағдай.

Ерлі-зайыптылардың біреуінің  опасыздық жасауы  некенің бұзылуына да себеп болып жатады. Жақында, Интернет басылымдарындағы бір мақаладан  Турцияда, Қытайдың кейбір аймақтарында  опасыздық жасаған үшін  қылмыстық  жауапкершілікке тартылатындығы туралы  жазылды.  

Қазақстанда да  ажырасуға қарсы бағылталған  іс-шараларды заң шеңберінде жүзеге асыру  керек.

Атап айтқанда, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша ғана емес, барлық ерлі-зайыптылардың заңда  көрсетілген жағдайларды қоспағанда (жұбайын хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған кезде)  некені  (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы арызы ең алдымен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемелерінде  қаралуы керек.  

Аталған мекемеде ажырасу туралы арыз ерлі-зайыптылардың екеуінің қатысуымен қаралып, олардың  өзара қатынастарын, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мәселенің себептерін, ерлі-зайыптылардың арасындағы алауыздықтың нақты себептерін жан-жақты анықтап,  мүмкіндігінше екі жақты  татуластыру қажет. Ал, татуласпаған жағдайда ғана ерлі-зайыптылар сотқа талап арыз  беру құқығын пайдалануы керек. 

Осындай тәртіппен ажырасудың санын азайтуға болар еді.  Себебі, ерлі-зайыптылардың  ажырасу  көп жағдайларда   бала тәрбиесіне  кері әсер етеді.

Әрбір ата-ана   баласының жақсы тәрбиеленуіне, міндетті орта білім алуына,  дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады. Ал, ата-аналарының арасындағы некенің бұзылуы  ең алдымен   балаларына  моральды жағынан ауыр тиетіні сөзсіз.

Осыдан  бірнеше жылдар бұрын   некені бұзу туралы  шешім шығарылып бір іс қаралды. Сотқа ажырасу туралы арыз берген  А. деген азаматтың  кәмелет жасына  толмаған алты ұлы бар (үлкені - 17-жаста, кішісі  - бір жарым жаста).   Сотта әйелі   «Ажырасуға қарсы емеспін, келісемін. Бірақ,  мен  үшін  ең  қиыны -  есі кірген балаларының  әкелерінің  ажырасу туралы шешімі  өте ауыр қабылдағаны болып тұр» деген сөзі әлі есімде.

Елбасы  Н.Назарбаев халыққа жолдауында  «Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет»  деген.

Қорытындылай келгенде, ата-аналар баланы  бірге  тәрбиелеуі тиіс. Тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірі  ескере отырып, өзара келісіп шешулері керек. Әрбір ата-ана қандай жағдайда да болмасын, баласының мүддесін  өз мүддесінен жоғары қойып,  баласының  жақсы азамат болып өсуіне  барлық мүмкіншіліктеріне қарай жағдай жасау қажет.  Ерлі-зайыптылар ажырасып, олардың арасындағы қатынас үзілсе де, бала үшін олар әр уақытта  ата-ата болып қала берулері,  жазықсыз баланың бір-бірінен «өш алу» құралына айналдырып, оны бөлек тұратын анасымен (немесе әкесімен) араласуына кедергі болмаулары керек.

Қазақстандағы әрбір баланың отбасында тәрбиеленуі және өмір сүруі, ата-ана қамқорлығына бөленуі  және олармен бірге тұруы  заңды құқығының бұзылуына жол бермеу керек.

 

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: