Лента новостей
0

Сот приставының мақсаты

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.08.2017 09:55 Фото: zakon.kz

Сот приставының мақсаты

 

Астана қаласы Есіл аудындық сотының

 аға сот приставы Н. Шарипов

 

 Сот приставы мемілеккетік қызметте тұратын және өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам болып табылады.

Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. Сот приставы негізінен сот үйлерін күзетуді қамтамасыз ету, судьяларды және процестің басқа да қатысушыларын күзету, залдағы қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ, атқарушылық іс-әрекеттерін жасау кезінде сот орындаушылары мен осы іс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзетуі қамтамасыз етеді.

 Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі № 150 Заңының 2-бапбымен келісе отырып сот приставтарының негігі міндеттеріне

 1) сот отырысы кезінде, сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде залда қоғамдық тәртіпті сақтау;

 2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау;

 3) іс жүргізу әрекеттерін орындауда сотқа жәрдемдесу;

 4) сот үйлерін күзетуді қамтамасыз ету, судьяларды және процестің басқа да қатысушыларын күзету, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерін жасау кезінде сот орындаушылары мен осы іс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзету;

 5) соттардың және басқа органдардың орындаушылық құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсету болып табылады.

7-бапта көрсетілген сот приставының құқықтары мен міндеттерi

 1. Сот приставы өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында:

 1) азаматтардан сот қызметінің белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге;

 1-1) сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде азаматтардың белгіленген тәртіпті сақтауын және құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтатуын талап етуге;

 2) соттың үй-жайында (көшпелі отырыс өткізілген жағдайда - сот отырысы өткізіліп жатқан үй-жайда) және сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде құқық бұзушыны әкімшілік жолмен ұстауға;

 3) заңдарда белгіленген тәртіппен жауапқа тарту үшін құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;

 4) құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткізуге;

 5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен атыс және электрлік қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы.

 2. Сот приставы:

 1) өзіне берілген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге жол бермеуге;

 2) судьяларды және сот процесіне қатысатын өзге де тұлғаларды, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерді жасаған кезде осындай іс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзетуді жүзеге асыруға;

 3) кеңесу бөлмелерін, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерін күзетуді қамтамасыз етуге;

 4) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес атқарушылық іс-әрекеттер жасауға қатысуға;

 5) сот отырысы залында және соттың үй-жайында, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерді жасаған кезде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;

 6) судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық іс пен заттық айғақтарды жеткізуді және соттың тұрақты орналасқан жерінен тыс сот талқылауын жүргізу кезінде олардың сақталуын қамтамасыз етуге;

 7) судьяның сот талқылауын жүргізу тәртібін сақтауға байланысты өкімдерін орындауға;

 8) сотқа келуден жалтарған адамдарды сот орындаушысына немесе атқарушылық іс-әрекеттер жасалатын жерге күштеп алып келуді жүзеге асыруға;

 9) қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша қарауыл қызметі қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасауға міндетті.

 құралдарды және ұрыс тәсілдерін әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынады.

 5. Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдері қолданылған барлық жағдайларда сот приставы айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қолдануға, қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерінің қолданылғаны туралы тиісті аумақтық бөлімшенің басшысына хабарлауға міндетті. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының приставы қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерінің қолданылғаны туралы уәкілетті органның басшысына хабарлауға міндетті.

 Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерін қолданудың адамдар өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрбір жағдайында дереу прокурорға хабарланады.

 6. Сот приставтары қару-жарағына кіретін атыс қаруы мен оған арналған оқ-дәрілер, электрлік қару мен арнаулы құралдар түрлерінің тізбесін және оларды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Сот приставтарының бөлімшелерін қарумен және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету уәкілетті органға жүктеледі.

6-бапта көрсетілген сот приставына қойылатын талаптар

 1. Кемінде жиырма бір жасқа толған, орта (орта білімнен кейінгі) білімі бар, өзінің іскерлік және жеке қасиеттері бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті және арнаулы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам сот приставы болып тағайындала алады.

 Сот приставтары арнаулы даярлықтан өтіп, содан кейін табельдік және электрлік атыс қаруын сақтау және алып жүру, арнаулы құралдарды пайдалану құқығына ие болады.

 2. Сот приставы лауазымына бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адамдар тағайындала алмайды.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: