Лента новостей
0

Жамбыл облысында «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған білім нысаны пайдалануға берілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.09.2017 11:33 Zakon.kz
Сонымен бірге мектептің жобалық қуаты 1000 орынды құраса, жалпы көлемі – 9190,01 шаршы метр.
Бүгін жаңа оқу жылының бастау алуына орай «Салтанат» мөлтекауданында орналасқан апатты жағдайдағы №30 мектеп-гимназиясында жаңа ғимараттың салтанатты ашылу рәсімі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиынға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысып, барша оқушылар мен ұстаздар қауымын алғашқы білім күнімен құттықтады.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бұрынғы апатты жағдайда болған 1200 орынды мектептің орнына жаңа ғимарат салынды. Ғимарат құрылысы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаржыландырылып, жобалық құны 1,3 млрд. теңгені құрады. Құрылыстың қарқынды басталып, межелі уақытында бітуіне мердігерлік еткен - «Арайстроймаркет - 2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.



Сонымен бірге мектептің жобалық қуаты 1000 орынды құраса, жалпы көлемі – 9190,01 шаршы метр.



Аталған білім ордасында 46 оқу кабинеті бар. Жаңа мектеп қазіргі заман талабына сай оқу құралдарымен, интерактивті тақталармен және заманауи қондырғылармен жабдықталған. Биология, химия, физика зертханаларында тәжірбие жасауға барлық жағдай жасалып, қажетті керек-жарақпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, барлық оқу кабинеттері электрондық оқулықтармен, дискілермен әртараптандырылған.



Мәжіліс залы 351 орынға арналса, асханасы бір мезгілде 144 оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Ал дене шынықтыру залында барлық спорттық инвентарьлар қолжетімді.


Жалпы, аталған білім ордасында негізгі оқыту тілі – қазақша, шәкірт тәрбиелейтін ұстаздар саны – 81.



Сонымен қатар, өңірдегі 62 мектепте ағылшын тілі пилоттық жоба ретінде енгізілді және «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы №24 мектеп-гимназиясы қасынан қосымша жапсарлас 300 орындық ғимарат, Шөлдала алқабынан 900 орындық жаңа мектептің ғимараты пайдалануға берілді.



Айта кетерлігі, салтанатты шара соңы аймақ басшысының облыстағы талантты балалармен кездесуіне ұласты.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: