Лента новостей
0

Оқушының ұятты жеріне қол жүгіртті деп айыпталған мұғалім, 10 жылға сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.11.2017 09:56 Zakon.kz
Тұрғындардың пайымынша, айыптау үкімі негізсіз дәлелдемелерге құрылған.
Қызылорда маңындағы Белкөл кентінде математика пәнінің мұғалімі он жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Мектептегі даулы оқиға туралы бұған дейін хабарлаған едік. 6-шы сыныпта оқитын екі қыздың анасы "қыз балаларға азғындық жасамақ болды" деп мұғалімнің үстінен арызданған. Бірақ оқушылардың бірі тергеу барысында куәлік етуден бас тартады. Адвокаттың айтуынша, сот бұл жағдайды да, өзге оқушылардың куәлігін де назарға алмаған.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Ал тұрғындар ұстазға араша түсу үшін жоғары жаққа шағымданбақ. Соңғы жарты жылда Белкөл ауылынан береке қашты. Математика пәнінің мұғалімі Әкпар Исахаев сәуір айында тұтқындалған. Оның тағдырына алаңдаған халық "сот әділ үкім шығарар" деп күткен еді. "Он жылға кесілді" дегенді естіген ауылдықтар тіпті есеңгіреп қалды.

11 жастағы оқушы қыз "ұстаз сабақ үстінде денеме қол жүгіртті" деп шағымданған. Алайда сыныптағы өзге 24 бала мұғалімнің ерсі қылығын байқамаған. Қорғаушы мұны сотта дәлелдеуге тырысқанымен, нәтиже болмады. Мұғалімге "кәмелетке толмаған балаға азғындық әрекет жасады" деген баппен айып тағылды, - дейді адвокат Жасұлан Таңатаров.

Сот шешімі бір ғана жәбірленуші қыздың куәлігімен және сол қыз балаға жүргізілген сот-психологиялық, сот-криминалистикалық сараптамалар негізінде қабылданды. Оқушылар қыз баланың сөзің жоққа шығарған. Математика сабағына бірнеше рет қатысқан сынып жетекшісі де куәлік берген, бірақ бұлардың ешбірін сот назарға алмады. Мұғалімдер "мұндай күн ертең кез келгеніміздің басымызға келе ме" деп қауіптенеді. Ұстаздың мәртебесі мүлде төмендеп бара жатқанына қынжылған олар мамандықтарын ауыстыруға әзір.

Бұл қоғамның азғындалуы - деградация ма әлде бізге келешек жастар керек емес пе? Бұл жаланың негізі ойластырылған ба әлде білмей істелген бе - оны мен де түсіне алмаймын. Бірақ енді солай кете бреуі керек пе? 55-тегі жігіт он жылдан кейін не болады деп ойлайсыздар? Мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін қоғам болып көтерілу керек, - дейді Белкөл кентінің тұрғыны Советбек Маханов.

Тұрғындардың пайымынша, айыптау үкімі негізсіз дәлелдемелерге құрылған. Әкпар Исахаевқа араша түсуді көздеген белкөлдіктер Жоғарғы сотқа және Бас прокуратураға арыздануға бел буып отыр.

Шарипа Сақтапова

Фото: sputniknews.kz

Видео: www.astanatv.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: