Қазақстан Республикасындағы

сот билігі

 

 Сот билігі - бұл мемлекеттік биліктің негізгі тармақтарының бірі болып табылады. Оның мәртебесі, қазіргі кездегі қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі орны мен олі ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын мәдениетті азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндеттерімен айқындалады.

 «Сот билігі» ұғымы өзімізге белгілі, қазақстандық құқық басында қайта пайда болды. Кеңестік тоталитарлық партиялық режим жағдайындағы сот билігінің қазіргі Қазақстандағыдай болуы мүмкін емес еді: сондықтан, Кеңестік Конституциямен бекітілген соттардың жинтығы қандай жағдайда болмасын өзін көрсете алмады. «Сот билігі» ұғымының өзі «сот жүйесі» ұғымымен алмасты, ал ол көбіне құқық қорғау органдарының бірі ретінде қарастырылды. Олай болса, сот билігі мемлекеттік биліктің дербес тармағы.

Ата Заңымызбен сот төрелігін Қазақстан Республикасының атынан соттардың жүзеге асыратыны, сот төрелігін іске асыру өкілеттіктер берілген, өз міндеттерін тұрақты негізде орындайтын және сот билігін жүргізуші болып табылатын мемлекеттің лауазымды адамы судьялармен жүргізілетіні белгіленген.

Сондықтан мемлекет атынан шешім қабылдап, сот төрелігін жүзеге асырушы судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының күшейтілуі шартты қадам болып табылды.

 Қазақстан Республикасының сот билігінің негізгі іргелі белгісі оның ерекшелігі болып табылады. Біртұтас мемлекеттік биліктің бөліну принципі әрбір биліктің мемлекеттік қызметінің өз бетінше белгілі монополиясын болжайды. Бірақ, биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының арасындағы қызметтердің шиеленісуі бұндай жағдайларда заңдық реттеу қызметін атқарады. Сот билігінің негізгі қызметіне не жатады - ол төрелігін жүзеге асыру, ал ол қандай жағдайда болмасын соттан басқа қандай да бір органмен жүзеге асырыла алмайды.

Судьялардың есеп беру тәртібі күшейтіліп, судьялыққа кандидаттардың кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеретін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу қарастырылып отыр.

 Қазақстан Республикасының сот билігінің ерекше белгісі болып оның пәндік сипаты, оның өкілеттілігінің сәйкес объектілерге қолданылулығы болып табылады. Сот билігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 76 бабының ережелеріне сәйкес олардың сот өндірісіне қатысуынан тәуелсіз соттардың шешімі жолданған барлық азаматтарға, органдар мен ұйымдарға шектеусіз қолданылады.

 Сот билігінің мемлекеттік-өктемдік сипатын жүзеге асыру механизмі өмірге қоғам мен мемлекетті демократизациялау жағдайында үлкен роль ойнайтын ұйымдастырушылық, кәсіби сот билігін көрсететін біртұтас мемлекеттік биліктің бөліну принципін енгізуге мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты, мемлекеттік биліктің бөліну идеясын қамтамасыз етуде биліктің заң шығарушы тармағын- Парламенттің мәртебесін көтеру ғана емес, сонымен бірге экономикалық соттардың, әкімшілік және ювеналдық әділеттердің жүйесін дамыту, жетілдіру негізінде сот билігін барынша дамытудың да маңызы зор. Елімізде мықты заң шығарушы және сот билігінің болуы әкімшіліктің еркін шешуіне және жедел дербестігін, соттан тыс күштеуге сүйену сияқты атқарушы биліктің жағымсыз жақтарын жоюға мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн.

Сот корпусында жұмыс атқаратын судьялардың біліктілігіне баса назар аудару қажеттігін Елбасы атап көрсетті. Бұл бағытта түрлі шара жасалды. Оның бірі - Жоғарғы соттың пайымдауы бойынша, мамандандырылған, білім алған үміткер судья біліктілігін және жұмыс сапасын жақсартуы. Сондықтан қалыптасқан «Сот төрелігі» институтында оқыған үміткер магистрант болып шығады. Солардың оқуын мемлекет қаржы бөледі. Бітірген магистрант кейіннен судьялық лауазымға қатысуға да құқығы бар, қатыспауға да құқығы бар.

Басты міндет Елбасы бағыт-бағдарын айқындап берген нақты мақсаттарын мінсіз орындау болмақ.

 

 

 

Астана қаласы

Алматы аудандық

сотының төрағасы Бакишев А.Б.

13 февраля 2018, 12:48
Источник, интернет-ресурс:

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Акции
Комментарии
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript