Маңғыстау облысында 159 млрд теңге сомаға 14 жоба жүзеге асырылуда

Zakon.kz
«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Маңғыстау облысында 159 млрд теңге сомаға 14 инфрақұрылымдық және индустриялық жоба қолға алынды.

Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәлімдеді, -деп хабарлайды zakon.kz, primeminister.kz сілтеме жасап.

«Маңғыстау облысындағы экономиканың даму қарқынын сақтауға құны 159 млрд теңгені болатын «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған 14 жоба ықпал етті. Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама аясында жаңадан 4 мың жұмыс орындары ашылады», - деді А.Айдарбаев.Сонымен қатар, әкім өңірде үлкен үміт индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы аясындағы жобаларды жүзеге асырумен байланысты екенін баса айтты.

Оның айтуынша, 2015 жылы Индустрияландыру картасы аясында 655 жаңа жұмыс орнын құратын жалпы құны 50,5 млрд теңгені құрайтын 11 индустриалды және инфрақұрылымды жоба бар. Оның ішінде «Азерсун» өндірістік-логистикалық орталығы, «Софи Медгрупп» көп салалы медициналық клиникасы және Ақтау теңіз солтүстік терминалы.

Фотосурет: www.lada.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Ночные морозы ожидаются в Алматы: погода на неделю

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500

Курс доллара снова вырос на торгах 23 октября