Президент ҚР Парламенті Мәжілісі және елорда мәслихаты депутаттары сайлауында дауыс берді

Zakon.kz
Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін 9840 сайлау учаскесінде дауыс беру өтеді, мұнан бөлек шетелде 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісі және елорда мәслихаты депутаттары сайлауында дауыс берді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан № 81 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін 9840 сайлау учаскесінде дауыс беру өтеді, мұнан бөлек шетелде 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Жалпы, 9 791 165 қазақстандық дауыс берушілер тізіміне енгізілген.

Айта кетейік, саяси додаға барлығы алты партия - «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және «Бірлік» саяси партиясы қатысып жатыр.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің 98 депутаты, сондай-ақ облыстық, Астана, Алматы қалалық мәслихаттарының 550 депутаты, қалалық мәслихаттардың 625 депутаты және аудандық мәслихаттардың 2160 депутаты сайланады.

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Этери Тутберидзе не явилась за наградой к президенту Грузии

Испанское побережье превратилось в казахский аул: фанаты Димаша запустили необычный проект

Гигантский айсберг, который в два раза больше Лондона, растает за несколько недель

Дождь, снег и метель: синоптики рассказали о погоде на 10 марта

Казахстанцам хотят разрешить использовать пенсионные накопления на лечение зубов