Дариға Назарбаева Мәжілістен кетеді

Фото: пресс-служба Сената
Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаттығынан кеткенің мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мен бүгін Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін тоқтатып, қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық іске толық көңіл бөлу туралы шешім қабылдадым.

Nur Otan партиясы үшін дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарыма және ел басшылығына маған көрсетілген сенім үшін алғысымды білдіремін.

Қаңтардағы қайғылы оқиға бейбіт аспан, Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміздің гүлденуі мен одан әрі дамуы болмайтынын көрсетті. Мұның бәрі-бүкіл халқымыздың үлкен қасіреті.

Болған оқиғаға жан-жақты және объективті тергеу жүргізу қажет деп есептеймін, соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазаға тартылып, кінәсіз адамдар - босатылуы керек.

Біздің бәріміз, қазақстандықтар, бүкіл қоғамымыз «қаралы қаңтар оқиғасынан» ащы сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбауы үшін барлық күш жігерімізді салумыз керек.

Анархия тек қорқыныш пен зұлымдық әкелетінін осы қайғылы күндер көрсетті. Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін, ұлттық егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді сақтау үшін біз қоғамның бірлігі мен тұтастығын көрсетуіміз керек.

Мен өз еліме және елімнің мүддесі үшін қызмет етемін. Бұл үшін лауазымдар қажет емес» – делінген депутат Дариға Назарбаеваның үндеуінде.

2022 год
Назарбаева Дарига

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Новые требования к владельцам земельных участков вступают в силу с 8 сентября

Тысячи казахстанцев могут лишиться водительских прав: Минздрав сделал заявление

Игра с узбекистанкой решила судьбу Соболенко в третьем круге US Open

Мэрилин Монро и Бейонсе остались позади: кого назвали главной иконой стиля всех времен

Рыбакина единственная из казахстанцев смогла удержаться в одиночном разряде US Open-2026