ОҚО-да мал ұрлауды кәсіпке айналдырған бір топ жас ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданының полицейлері мал ұрлауды кәсіп еткен ұйымдасқан топты ұстады.

Тәртіп сақшылары бірнеше ай бойы суық қолдылардың ізін аңдыған. Нәтижесінде сезіктілерді толықтай қолға түсірген, - деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Темір торға тоғытылған бес азаматтың бәрі – ауыл жастары. Олар тіпті ірі қара малдарды жергілікті тұрғындардың қорасынан ұрлап кетіп жүрген. Соңғы рет қаңтардың 27-сі күні түнгі уақытта күдіктілер 48 жастағы жергілікті тұрғынның қорасынан 4 бас өгізді айдап кетіп, жәбірленушіге жалпы миллион теңгеден астам шығын келтірген. Полиция қызметкерлері күдіктілердің 10 миллион теңгеге жуық қаржыны құрайтын 13 мал ұрлығына қатыстары барлығын анықтады. Күдіктілер олжалаған малдарын жергілікті базарда нарықтағыдан төмен бағада өткізіп отырған. Тәртіп сақшылары қолды болған бірнеше ірі қараны айғақты зат ретінде тәркілеген. Қазір ұсталғандарға қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, дейді ОҚО ІІД баспасөз орталығындағылар.

Авторы: Қанат Жүнісбеков

Фотосурет: www.novostey.com

Следите за новостями zakon.kz в: