Шымкент қаласының полицейлері 30 жастағы алаяқты ұстады

Zakon.kz
Шымкент қаласының тәртіп сақшылары танымайтын адаммен жұмысқа тұру, құжаттар рәсімдеу, басқа да маңызды мәселелерде сенбеуді және келіп түскен хабарламаларға мұқият болуды ескертеді.

Алаяқтың құрбаны болған жандардың бірі 31-жастағы азамат полицияға шағымданды, оның танысы жұмысқа орналастырып беремін деген уәдемен 170 мың теңге ақшасын алған. Сол күні осыған ұқсас арыздармен бірнеше азамат полицияға шағымданған, деп хабарлайды Zakon.kz, Шымкент қаласының ІІД берген мәліметіне сүйеніп.

Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, 1986 жылы туылған облыс орталығының тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Адамдардың сеніміне кірген алаяқ, түрлі құжаттар дайындап беруге және тағы басқа да уәделер беріп, 300 мың теңгеден астам ақшаны алдап алған.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстанның тәртіп сақшылары танымайтын адаммен жұмысқа тұру, құжаттар рәсімдеу, басқа да маңызды мәселелерде сенбеуді және келіп түскен хабарламаларға мұқият болуды ескертеді.

Фото: haqqin.az

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Август 2026 года принесет засуху в семь регионов Казахстана

Зеленский заявил о готовности подписать мирное соглашение с Россией