Павлодарда ана мен бала мұз астына түсіп кетіп, 53 жастағы әйел көз жұмды

Zakon.kz
Орталық жағажайдағы өзен суына кеткен әйел мен баланың денесін осы маңдағы тұрғындардың бірі аңғарып, көмек шақырған.

Павлодарда ана мен бала Ертіс өзенінің мұз астына кетіп, жасы 50-ден асқан әйел көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ес-түссіз жансақтау бөліміне жеткізілген жеткіншектің өмірі үшін ақ халаттылар күресіп жатыр. Орталық жағажайдағы өзен суына кеткен әйел мен баланың денесін осы маңдағы тұрғындардың бірі аңғарып, көмек шақырған. Дереу жеткен құтқарушылар азаматшаның өлі денесін судан алып шыққан. Ертістің мұздай суына түсіп кеткен ана мен баланың әзірге нақты кім және қайдан екені белгісіз.

«Қыз бала шамамен 6-8 жаста. Дене қызуы өте төмен, жағдайы ауыр. Жеткіншек суға тұншығып, қатты тонып қалған», - дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жомарт Нұртазин.

Айгерім Жанкашова

Фото:pavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

Какие новые правила ждут работников и работодателей с 8 июня 2026 года