Шымкентте көлік өртеніп кетті

Zakon.kz
Көліктің жүргізушісі екі қолын бірдей күйдіріп алған. Дегенмен, оқиға орнына келген жәдел жәрдем алғашқы көмек көрсеткен соң 44 жастағы азамат ауруханаға жатудан бас тартты.

Шымкентте көлік өртенді. Республика даңғылында Hyundai Sonata автокөлігі толық жанып кеткен. «Скороход» аялдамасы жанында тұрған көлік кенеттен жана бастаған, деп хабарлайды otyrar.kz

Куәлер дереу полиция мен өрт сөндірушілерге хабар береді. Келеңсіз жағдайдың кесірінен көшеде көлік кептелісі пайда болды.

Дегенмен, оқиға орнына келген полицейлер бірнеше минуттың ішінде бөгеліп тұрған көліктерге жол сілтеп, жол қозғалысын ретке келтірді.

Көрсетілген мекенжайға 2 арнайы техника мен 8 өрт сөндіруші келді. Көліктің жүргізушісі екі қолын бірдей күйдіріп алған. Дегенмен, оқиға орнына келген жәдел жәрдем алғашқы көмек көрсеткен соң 44 жастағы азамат ауруханаға жатудан бас тартты.

Жүргізушінің айтуынша, ұшқын алдымен көліктің салонынан шығыпты. Ол өртті өзі сөндіруге кіріскенімен, одан нәтиже шықпаған. Көліктің іші толық жанып кетті. Енді өрттің неден шыққанын өрт сөндіру қызметінің анықтаушылары тексеріп жатыр.

Фото:otyrar.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов