Жол апатынан көлік аударылып кетті

Zakon.kz
Жол апаты болған жерге жергілікті полиция қызметінің инспекторлары келді. Қазір қай жүргізушінің нақты кінәлі екені анықталу үстінде.

Шымкентте соғысқан көліктердің бірі аударылып кетті. Бұл жол-көлік оқиғасы түнгі сағат оннан асқанда Байтұрсынов көшесінің бойында тіркелді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Мұнда Митцубиси және Фольксваген Венто көліктері соғысып қалды. Соның салдарынан Фольксваген көлігі жолдың шетіндегі арыққа құлап, аударылып кеткен.

Куәлердің айтуынша, Венто көлігі Байтұрсынов көшесінің бойымен, Желтоқсан көшесі жақтан Ғани Іляев көшесіне қарай бет алған. Сол кезде сол жақтағы баспахана жақтан Митцубиси көлігі шыққан. Оның рөлінде әйел кісі болған деген мәлімет бар.

Митцубиси шыққан күйі Фольксвагеннің жанынан соғады. Соның кесірінен неміс көлігі жолдың жанындағы арыққа түсіп, аударылып кеткен. Рөлде отырған жігіт жарақат алып, оны жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кетті. Ал қасында отырған адам жеңіл жарақат алған.

Жол апаты болған жерге жергілікті полиция қызметінің инспекторлары келді. Қазір қай жүргізушінің нақты кінәлі екені анықталу үстінде.

Фото:otyrar.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Август 2026 года принесет засуху в семь регионов Казахстана