Педофилия қылмысы үшін қолдануға болатын альтернативті жаза туралы

Фото: zakon.kz
Заңгер

Жаһандану заманында ақпарат құралдарының, оның ішінде ғаламтор ресурсының бақылаудан шығуы күн сайын зорлық қылмыстарының барынша жармалануына әкеліп отыр. Соның салдарының бірі ретінде жас балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың көбеюі. ҚР Конституциясының 12-бабы 5-бөлігі қоғамдық имандылықты қорғау маңыздылығын бекітеді. Сонымен бірге Қылмыстық заңнамада да жас балаларға бағытталған жыныстық сипаттағы қылмыстарға жаза көзделген. Алайда бостандыққа шыққан адамның, рецидивке баратыны көп ұшырасады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Арнайы есепке алу және құқықтық статистика комитетінің төрағасы мәлімдегендей 2012-жылдың өткен 1 айы ішіндегі педофилдік қылмыстар 2011 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 64 пайызға артқан. Педофилиямен күресу үшін сөзсіз альтернативті жаза қарастыру керек. Жаңа жазаны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары бөліміне жеке бап ретінде толықтыруға болады. Аталған бапта 14-жасқа дейінгі балаларға қатысты педофилиялық әрекеттер үшін «химиялық кастрация» (еркектердің жыныстық қалауының шектен шығуы жағдайында медрокиспрогестерон, ципротерон типті дәрілер арқылы жыныстық еліктеуді тыю) өмір бойы бас бостандығынан айыру, мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолданбау сияқты нормаларды қарастыру маңызды. Медициналық көрсеткіштер бойынша және алғаш қылмыс жасаған педофилдерге мерзімінен бұрын шығу үшін ерікті түрде «химиялық кастрация» жасау сияқты таңдау ұсынуға болады.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана