Еліміздің аймақтық басқару жүйелеріне өзгеріс енгізу керек!

Кандидат экономических наук

Сізді бұрыннан да халықтың шын жанашыры деп санаймын. Енді біздей патриоттарға өз еліміздің қамы үшін үлес қосуымызға мүмкіндік туғызғаныңыз үшін үлкен алғыс білдіремін. Бұл конкурстың төңірегінде шешілмей жүрген көп мәселелерге шешім табылады деген сенімдемін.

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкiм - жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдарының барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi және өзiн-өзi басқару функциялары берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi.

Әкiмдiк Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi.

Еліміз бойынша 14 облыс бар болса, сол облыстардың қаншама жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға жауап беретін аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң әкімдері бар. Облыстық, қалалық, аудандық әкімнің 5-6 орынбасары бар. Әр орынбасардың хатшысы, жүргізушісі болады. Мысалы, әр облыстың облыстық, қалалық әкімдігінде бірнеше бөлімдер жұмыс жасайды. Әр бөлім мен басқараманың жетекшілері бар. Менің ұсынғалы отырғаным - егер әкімдер (облыс болсын, қала болсын) осы бөлім мен басқарманың жетекшілерімен тікелей жұмыс атқарса, яғни әкімнің орынбасарларын қысқартса, оларға төленетін еңбекақы, олардың хатшылары мен жүргізушілеріне төленетін еңбекақы, олардың көліктері, оларға жұмсалатын жанар-жағар май, олардың кабинеттерін жабдықтау, және т.б көптеген шығындарды қысқартуға болады деген ойдамын. Және осындай шығындарды бүкіл республика бойынша қысқартып, ол қаражат жетім балаларға, зейнеткерлерге, әлеуметтік жағдайы төмен жандарға жұмсалса, бұл елбасының халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру саясатына сай жұмыс болар еді. Сонымен қоса, егер әкімдер тікелей бөлім және басқарма басшыларымен (тізімін төменде көрсеттім) тікелей жұмыс атқарса, онда ол көп жағдайлардан хабардар болып, кейбір шешілмей жатқан мәселелерге көп көңіл бөлінер еді деген ойдамын.

Облыс әкімдігінің басқармалары

· Ішкі саясат басқармасы

· Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

· Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы

· Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма

· Дене тәрбиесі және спорт басқармасы

· Сәулет және қала құрылысы басқармасы

· Денсаулық сақтау басқармасы

· Жерқатынастарыбасқармасы

· Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

· Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

· Білімбасқармасы

· Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму басқармасы

· Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

· Ауылшаруашылығыбасқармасы

· Құрылыс басқармасы

· Қаржы басқармасы

· Экономика және бюджеттікжоспарлаубасқармасы

· Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

· Жастар саясаты жөніндегі басқармасы

· Балалар құқықтарын қорғау басқармасы

Қалалық әкімдік бөлімдері

· Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

· Қалалық қаржы бөлімі

· Қалалық кәсіпкерлік бөлімі

· Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі

· Қалалық ішкі саясат бөлімі

· Қалалық білім бөлімі

· Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

· Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

· Қалалықденешынықтыружәне спорт бөлімі

· Қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі

· Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі

· Қалалық құрылыс бөлімі

· Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі

· Қалалық жер қатынастары бөлімі

Бұл конкурстың атауында «бұл елімізге қандай өзгеріс береді?» делінген. Шамамен орта есеппен есептесек:

1 айға 1 адамға:

Әкім орынбасарының орташа еңбекақысы 200000 теңге десек,

Олардың хатшылары -40,000 т

Жүргізушілері -50,000 т

Жанар-жағар майға (шамамен) -50,000 т

Барлығы: 340,000 теңге.

Әр облыста 5 әкім орынбасары бар десек. Осыны 5-ке көбейтсек: 340,000*5=1,700,000 т

Осыны 12 айға көбейтсек: 1,700,000*12=20,4 млн теңге. Бұл бір облысы есептегенде.

Қазақстанда 14 облыс бар.

Есептеп шығарған жылдық шығынды 14 облысқа көбейтсек:

20,4 млн *14=285,6 млн теңге.

Сонда тек бір жылда 300 млн-ға жуық үнемдеуге болады.

Бұл есептеу тек шамамен жүргізіліп отыр. Бұл шығынның ішіне олардың кабинеттері мен олардың жабдықталуы, оларға берілетін көліктердің құны кірмейді. Оның үстіне бұл тек облыс көлемінде ғана. Ал қалалық, аудандық, жергілікті әкім орынбасарларына кететін шығынды бүкіл республика бойынша есептесе, онда бұл сома миллиардқа жуықтайды. Ал бұл сома зейнеткерлер мен жетім балаларға жұмсалса, онда еліміздің әлеуметтік жағдайы көтерілмес пе???

Мен сізге осындай ұсыныс айту себебім, мен өзім мемлекеттік қызметте 25 жылдық өтілім бар және шетелдерде жұмыс барысымен көп болдым. Шетелде мұндай жүйе жоқ. Бұл жүйе социалистік қоғамнан келе жатқан обкомның, горкомның, райкомның 1,2,3,4,5 хатшылары деген жүйемен қалып қойған, тек атаулары ғана өзгеріс алған.

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-тарауында (Әкімдер және әкімдіктер. Құрылуы, құзыреті және қызметінің ұйымдастырылуы):

Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiктiәкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады – делінген. Сөзімді қорыта келе, осы тарауға өзгеріс енгізіліп, әкім орынбасарлары штатын қысқартсақ деген ұсыныс беремін.

Құрметпен, экономика ғылымдарының кандидаты,

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Кужиев Болат Сандыбайұлы

Следите за новостями zakon.kz в: