2016 жылы бала күтіміне бөлінетін жәрдемақы көлемі 68,2 млрд теңгені құрады

Zakon.kz
Республикалық бюджеттен бала тууына байланысты және оның бiр жасқа толғанға дейiнгі күтіміне төленетін жәрдемақыларға 68,2 млрд теңге бөлінді.

2016 жылы республикалық бюджеттен бала тууына байланысты берілетін бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақыға 30,9 млрд теңге, бала күтімі жөнiндегi, ол бiр жасқа толғанға дейiн төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға 37,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 66 621 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 111 035 теңге төленеді.

Бұл туралы 24 кз телеарнасы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші баланың туылуына байланысты төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 12 217 теңгені, екінші балаға – 14 445 теңгені, үшінші балаға – 16 650 теңгені, төрт және одан да көп балаларға берілетін қаржы көлемі 18 877 теңгені құрап отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы жоғарыда аталған жәрдемақыларды төлеу мақсатында республикалық бюджеттен 56 млрд теңге бөлінген болатын.

Фотосурет: dobrenok.com

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Нацбанк Казахстана выступил с важным заявлением по курсу тенге

Символ Огненной Лошади: что ждать от 2026 года и кому повезет

Жителям Алматы обещают долгожданный снег

"Кроме первого и последнего": какой этаж лучше выбрать при покупке квартиры – советы риелтора

Инженеры показали, каким будет самый глубокий в мире автомобильный тоннель