Алматыда былтыр бес жүзден астам адам ұсақ құқық бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Zakon.kz
Алматыда 2015 жылы 506 адам ұсақ құқық бұзушылық әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттердің дер кезінде жолын кесу - көше қылмыстарын алдын алуға септігін тигізетіндігі сөзсіз. Бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылықтар - бұл, ұсақ бұзақылықтар, қоғамдық орындарда ішімдік ішу және басқа да әрекеттер, -деп хабарлайды kazinform.kz Алматы қ. ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елбасы Н. Назарбаевтың қоғамда барлық құқық бұзушылық әрекеттерге деген төзбеушілік сана қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы ойдағыдай орындалып жатыр. Қолданылған шаралардың арқасында өткен жылы құқық бұзушылық фактілері 2014 жылмен салыстырғанда 182 787 бірлікке көп анықталды. 740 мыңнан астам құқық бұзушыларға 11 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды. Олардың ішінде 506 адам әкімшілік қамауға алынды. Құқық бұзушылық әрекеттерді алдын алуда жергілікті полиция қызметтері маңызды роль атқарады. Сондай-ақ, құқық бұзушылық әректетерді алдын алу бойынша аудандық ведомствааралық комиссияларға да үлкен жауапкершілік жүктеледі», - деді Алматы қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.

Жаппарберген Айбoта

Фотосурет: www.diapazon.kz

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом