Қазақстан азаматтары шетелдегі 65 сайлау учаскесінде дауыс бере алады

Zakon.kz
Қазақстан азаматтары шетелдегі 65 сайлау учаскесінде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарына дауыс бере алады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, шет мемлекеттерде 65 сайлау учаскесі бар. Мәселен, Ресейде, 3-4, АҚШ-та 1-2 және қалған мемлекеттерде бір-бірден учаскі тіркелген. Сол елдерде болған Қазақстан азаматтарына жеке төлқұжаттарымен дауыс беруге болады», - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дегенмен ҚР ОСК хатшысы Қазақстан азаматтары кез келген шет мемлекетте дауыс бере алмайтындығын атап өтті.

«Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі тек Қазақстан ішінде ғана беріледі. Шетелде жүрген азаматтар сол елде ашылған сайлау учаскесіне келіп, төлқұжаты арқылы дауыс бере алады. Бұл ретте дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі қажеті жоқ», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 ақпандағы №161/306 қаулысымен бекітілген дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілді. «Атап айтқанда, аталған қағидалардан 7-тармақ алынып тасталды. Ал 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды. Оған сәйкес есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.

Марлан Жиембай

Фотосурет:neftegaz.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Mercedes красиво поздравил Испанию с победой на чемпионате мира

Два самолета FlyArystan экстренно изменили маршрут из-за ситуации в аэропорту Шымкента

19 домов, 10 участков, 2 квартиры и 4 авто конфисковали у участников ОПГ, похитившей более 3 млрд тенге

Правила воинского учета изменили в Казахстане

Нацбанк сделал важное предупреждение о банкнотах в 2000, 5000 и 10 000 тенге