Қазақстан-Иран: сауда-саттық көлемі 550 миллион доллардан асқан

Zakon.kz
Екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі былтырғы жылдың қаңтар-қараша аралығында 550 миллион доллардан асқан.

Қазақстан Иранға металлдар сатып, құрма сатып алады. Екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі былтырғы жылдың қаңтар-қараша аралығында 550 миллион доллардан асқан, деп хабарлайда «Хабар» агенттігі.

Қазақстаннан Парсы еліне негізінен бидай, арпа, жалпақ темір мен болат прокаты, бидай қалдығы, калий тыңайтқышы, малға арналған жем және бағалы металдар жеткізіледі. Ал Ираннан құрма, жүзім, жаңғақ және көкөніс импортталады. Сондай-ақ мәрмәр, травертин, бояу және лак, төсеніш плиталары сияқты құрылыс материалдарын да еліміз Ираннан алады. Бір айта кетерлігі, Қазақстанның Иранға экспорты импорттан 7 есе артық.

Қазақстан экспорты – 494, 4 млн $: Бидай – 163,7 мың тонна; Арпа – 424,5 мың тонна; Жалпақ темір/ болат прокаты – 847 мың тонна; Бидай қалдығы – 15,7 мың тонна; Калий тыңайтқышы – 10,6 мың тонна; Мал азығы – 9 мың тонна; Бағалы металдар – 407,2 мың тонна.

Иран экспорты – 65,2 млн $: Құрма – 15,1 мың тонна; Жүзім – 6,7 мың тонна; Көкөніс – 6-,3 мың тонна; Жаңғақ – 4,1 мың тонна; Мәрмәр, травертин – 9-5 мың тонна; Бояу және лак – 3,6 мың тонна; Төсеніш плиталары – 3,5 мың тонна.

Фото: www.niksilogistic.com

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана