Ақмола облысында дүкеннен жарты миллион теңгенің тауарын тонап кеткен күдіктілер ұсталды

Zakon.kz
Күдіктілерден ұрланған заттар тәркіленіп алынды. Олар тергеу амалдары аяқталған соң иесіне қайтарылатын болады

Ақмола облысында дүкеннен жарты миллион теңгенің тауарын тонаған күдіктілер ұсталды. Полицейлердің мәліметі бойынша 7 ақпан күні «102» арнайы телефон нөміріне Көкшетаудағы дүкендердің біріне белгісіз біреулер терезені сындырып кіріп, жалпы құны 500 мың теңге тұратын 2 теледидар, 2 ойын приставкасын және ноутбукті қолды қылғаны жөнінде ақпарат түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында 25, 28 және 33 жастағы екеуі облыс орталығының, біреуі Зеренді ауданындағы Гранитный кентінің тұрғындары ұсталды. Күдіктілерден ұрланған заттар тәркіленіп алынды. Олар тергеу амалдары аяқталған соң иесіне қайтарылатын болады», дейді полицейлер.

Сонымен қатар, күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлімі «ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аслан Оспанов

Фотосурет: altaypost.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо