Иран Қазақстан астығына баж салығын енгізді

Zakon.kz
Қазір Ираннан санкция алынды. Бірақ осы кезде Иран Қазақстан астығына баж салығын салып отыр.

Иран Қазақстан астығына баж салығын енгізді. Бұл жайында БАҚ өкілдеріне Ақтау халықаралық теңіз порты президенті Михаил Ялбачев айтты. Оның дерегінше, бұл Иран портына жүк тасқынының азаюына ішінара әсер етті, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Санкцияға байланысты Иран нарығынан металл мен астыққа сұраныс азайып кеткен болатын. Қазір Ираннан санкция алынды. Бірақ осы кезде Иран Қазақстан астығына баж салығын салып отыр. Сондықтан астық экспорты мөлшері қаншаға ұлғаятынын дөп басып айту қиын, дейді «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті Михаил Ялбачев.

Ал Әзірбайжанды бетке алған жүк көлемі әлдеқайда артқан. Тауарды негізінен ауыр көліктермен тасымалдау белең алды. Түркия мен Әзірбайжаннан Ақтау портына келетін паромдар саны қаңтар айының өзінде он есе ұлғайды. Бұдан бөлек Ақтау теңіз портына Украинадан да ірі мөлшерде жүк келеді деп күтілуде. Алғашқы поезд халықаралық Транскаспий көлік бағытымен жуырда сынақ түрінде өткізілген болатын. Грузия мен Әзірбайжан портынан шыққан бұл жүк Қазақстанға пароммен жеткізілсе, әрі қарай Қытайға темір жол арқылы жөнелтілді.

Украинадан тауар жіберушілер жүк мөлшері мол болады деп отыр. Әзірше ол жақтан фуралар келуде. Мұндай жүк көлемі Түркия тарапынан әзірге жоқ. Тасымалдауға қатысты заң тұрғысынан туындаған мәселелер енді қаралуда, деп мәлімдеді «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті Михаил Ялбачев.

Айзада Төребекқызы

Фото: www.unikaz.asia

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Август 2026 года принесет засуху в семь регионов Казахстана