Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі ауысты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің білім және ғылым министрі ауысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің білім және ғылым министрі ауысты. Бұл жайлы Zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. "Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев, 1966 жылы туған, қазақ, білімі жоғарғы. 1990 жылы «экономика» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған, біліктілігі экономист. 1993 жылы Миннесота штатының Университетін бітірді, АҚШ Миннеаполис қ. Қолданбалы экономика департаменті, ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек қызметін 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшы лауазымынан бастаған. Дүниежүзілік банкінің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің кураторы болған (АҚШ, Вашингтон қ.).

2012 – 2013 жылдарында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің жобасы бойынша Қазақстанның ДСҰ-на кіруін бағалау жобасының басшысы. Халықаралық ІТ Университетінің және Халықаралық Бизнес Университетінің негізін қалаушылардың бірі.

Фото: primeminister.kz

Следите за новостями zakon.kz в: