Тайваньдағы жер сілкінісінің салдарынан құрбан болғандар саны 93 адамға жетті

Zakon.kz
31 адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Тайваньда болған жер сілкінісінен ең көп шығын Тайнань қаласына келген.

31 адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Тайваньда болған жер сілкінісінен ең көп шығын Тайнань қаласына келген, деп хабарлайды Қазақстан ҰТА, «Sina» порталы сілтеме жасап.

Осыған дейін табиғи апаттан 87 адамның мерт болғаны хабарланған. Зілзаладан зардап шеккен және дене жарақаттарын алған адамдар саны 559 адамды құрап отыр. 31 адам іздестірілуде. Мерт болғандардың басым бөлігінің денелері Тайнань қаласында құлаған 17 қабатты ғимараттың қирандыларының астынан табылған.

Тайвань прокуратурасы жер сілкінісінен құлаған 17 қабатты ғимаратты салған Golden Dragon Building фирмасының өкілдерін тұтқындады.

Тайнань қаласы билігінің Рейтер агенттігіне хабарлаған өкілінің айтуынша, фирма өкілдеріне соңы адам өліміне алып келген абайсыздық әрекет жасады деген айып тағып отыр. Бұған дейін Қытай БАҚ-ы көпқабатты ғимараттың құлауына құрылыс кезінде жіберілген кемшіліктер себеп болды деп жазған болатын.

Айта кетейік, өткен аптада Тайвань аралының оңтүстік бөлігінде 6,4 магнитудалық жер сілкінісі болды.

Фото:euronews.com

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов