Колумбияда Зика безгегін 5013 жүкті әйел жұқтырған

Zakon.kz
Бүкіл ел бойынша бүгінде осы дертке 31 мың 500 тұрғын шалдыққан.

Колумбияда 5 мыңнан астам жүкті әйел Зика безгегін жұқтырған. Олардың 30%-ы – Венесуэла шекарасына жақын орналасқан аймақтың тұрғындары, деп хабарлайды 24 kz.

Ал бүкіл ел бойынша бүгінде осы дертке 31 мың 500 тұрғын шалдыққан. Бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда 23%-ға көп. Бір апта ішінде вирусты жұқтырған аяғы ауыр келіншектер саны бірден 58%-ға артып отыр. Осы ретте Колумбия билігі әйелдерге алдағы 6-8 ай ішінде жүктіліктен бас тартуға кеңес берген. Өйткені Зика безгегі құрсақтағы баланың дамуына кері әсер етуі мүмкін деген қауіп бар.

Фото: news.mail.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Ночные морозы ожидаются в Алматы: погода на неделю

Курс доллара снова вырос на торгах 23 октября

Сезон тыквы: что приготовить из главного овоща осени