АҚШ Солтүстік Кореяны қатаң жазалайтын заң дайындады

Zakon.kz
Заң жобасында АҚШ президентінен кең көлемді жойғыш қаруларды, әскери қару-жарақтарды, бағалы сәндік бұйымдарды саудалау және ғаламторда қылмыс өткізу мен адамдық құқыққа қол сұғу бағытында Пхеньянмен барыс- келісі бар адамдарды және нақты тұлғаларды жазалауды талап еткен.

АҚШ Парламентінің қос палатасы 12 ақпанда Солтүстік Кореяға анағұрлым қатаң жазалау шараларын қолдану туралы заң жобасын көп дауыспен мақұлдады, деп хабарлайды

Солтүстік Корея төртінші рет ядролық сынақ өткізгеннен кейін, аталған заң жобасын АҚШ Парламентінің қос палатасы бірдей Мақұлдады әрі бұл заң жобасы АҚШ президенті Обаманың қол қоюына берілді.

Заң жобасында АҚШ президентінен кең көлемді жойғыш қаруларды, әскери қару-жарақтарды, бағалы сәндік бұйымдарды саудалау және ғаламторда қылмыс өткізу мен адамдық құқыққа қол сұғу бағытында Пхеньянмен барыс- келісі бар адамдарды және нақты тұлғаларды жазалауды талап еткен.

Жазалау шаралары - мал-мүлкін тәркілеу, шекарадан кіруіне тыйым салу және үкіметпен арадағы келісім-шарттарды тоқтату. Бұдан сырт, заң жобасында үкіметтің алдағы 5 жыл ішінде Солтүстік Кореяға бағытталған ақпарат құралдарын қолдау және босқындарға көмектесу үшін жылына 10 миллион АҚШ долларын пайдалануына құқық берілген.

Фото: ntv.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Ученые прогнозируют "шестое" массовое вымирание на Земле

Казахстан признан единственной в Центральной и Восточной Азии страной, свободной от ящура

На Землю надвигается сильная и продолжительная магнитная буря: ученые назвали сроки

Грозы, шквалы и жара до +37°C: штормовое предупреждение объявили по Казахстану

Каспийское море пополнили водой: названы впечатляющие цифры